«Салғастырмалы грамматика»


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет3/11
Дата29.03.2018
өлшемі2,5 Mb.
#39790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Салыстырмалы фонетика нені зерттейді

  2. Орыс және қазақ тілінің қалыптасуынлағы ерекшеліктер.

  3. Түркі тілдерінен орыс тіліне енген сөздер.

  4. Орыс тіліндегі вокализмдер және консонатизмдер.

  5. Қазақ тіліндегі вокализмдер және консонатизмдер.

  6. Орыс және қазақ тіліндегі буын.

  7. Екі тілдегі фонетикалық процестер.


Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,5,7,8,10,12.

2 тақырып: Қазақ және орыс тілдерінің фонетикасы
Дәріс жоспары:

1.Вокализмдер. Консонатизмдер.

2. Буын. Екпін. Фонемалардың алмасуы

Мақсаты: Вокализмдер. Консонатизмдер.

2. Буын. Екпін. Фонемалардың алмасуы



Мазмұны:

Қазіргі қазақ тілінде орыс тілінен және орыс тілі арқылы еуропа халықтары тілінен енген мындаған сөздер бар. Оларды қазақ тілінің айтылу заңдылығына қарай сәйкестендіріп жазу керек деген көзқарасты жақтаушылар бар. Олар солай жазып та жүр: зауыт, тауар т.б. Енді бір топ орысша қалай жазылса, солай жазу керек дейді. Біздің пікірімізше, кірме сөздерді өзгертпей қолданған жөн сияқты. Мұның өзі орыс тілі фонетикасымен де таныс болуды талап етеді. Орыс тілінің дыбыс жүйесін, фонетикалык заңдылықтарын жақсы білгенде ғана кірме сөздердің айтылуы мен жазылуын дұрыс меңгеруге мүмкіндік туады.

Қазак және орыс тілдерінде акустикалық, артикуляциялык және басқа белгі-қасиеттеріне карай тіл дыбыстары дауыстылар және дауыссыздар деп екі ұлкен топка бөлінеді.

Вокализмдер.

«Қазіргі казақ тілінде дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді»,1 - дейді белгілі фонетист С. Мырзабеков.

А.Байтұрсынов: «Қазак тілінде 24 дыбыс бар. Олардын бесеуі дауыстылардың таңбасы деп кәрсетеді». Мүның өзі сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген.

Жалпы, ертелі-кеш жарык көрген оқулыктар мен зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны төмендегідей: Қ.Жүбанов - 7, Ильминский - 8, В.Радлов - 9, Қазіргі қазақ тілі



-11, Н.Сауранбаев - 12, Н.Созонтов - 13, С.Аманжолов - 14, А.Исаев - 15 - дейді.

Қазак, орыс тілдерінін салыстырмалы грамматикасын зерттеуші ғалымдар К.Бейсенбаева, СИсаевтың пікірлері бойынша қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны - 12: а, о, V, ы, и, э, і, у, ү, е, ә, ө.

И.Түркбенбаев пен Д.Түрсыновтың пікірінше, казак тілінде 11 дауысты дыбыс, 15 әріп бар: а, ә, о, у, ы, и, э(е), ө, ү, ү, і, «у» және «и» - дифтонг дыбыстар + я, ю, е, ё.

С.Мырзабековтің де айтуынша, қазіргі қазақ тілінде 11 дауысты фонема бар.

Ал шындығында, жуан-жіңішке болып жүптасатын 8 дыбысты (а-е(ә), о-о, ү-у, ы-і) дауысты дыбыс деп есептеу керек. Бүл тіліміздің үндестік заңына негізделген жүйе болып табыла-ды. Ал чіл. -у. дыбыстары қосарлы дыбыстар (дифтонг), я, ю, е, ё - әріптер. Бүл топтан сырт қалған «ә» дыбысы араб тілінен ен-ген. Мүның дәлелі қосымшаларда «а» дыбысының жіңішке сыңары «е» болып келеді (-лар-лер, -дай-дей, -ша-ше т.б.). Екіншіден «ә» сөздің бірінші буынында ғана қолданылады: оке, дәптер т.б.

Дауысты фонемаларды дыбыстау мүшелерінің кызметіне қарай зерттеуші ғалымдар іштей 3 топқа бөледі: 1. Тілдің қатысьша қарай:

а) жуан (гуттураль) немесе тіл арты дауыстылар: а,

о, ү, ы, у;

ә) жіңішке (палаталь) дауыстылар: ө, ү, і, и, е, (э), ә.

Бұл топқа С.Исаев, К.Бейсенбаева э фонемасын да

қосады.

1. Еріннің қатысына қарай:

а) еоіндік (лабиаль) дауыстылар; о, в, у, у, у; ә) езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и; (С.Исаев, К.Бейсенбаева: э).

2. Жақтын қатысына қарай:

а) ашық дауыстылар: а, ә;

(С.йсаев пен К.Бейсенбаева: а, ә, е, э, о, ө). ә) жартылай ашык дауыстылар: о, ө, е;

б) қысаң дауыстылар: ү, у, ы, і, и, у.

Ал орыс тілінде негізгі дауысты фонемалар 6 (и, у, ы, е.

о , а). Орыс тілінің грамматикасында ы өз алдына фонема бола

алмайтындығы, тек и фонемасының жуан түрі ғана екені

айтылады. Мысалы, В.Белошапкова 5 дауысты фонема бар, ы -

дербес фонема емес - дейді (шалаши [ы] - калачи).



Ал кейбір зерттеулерде негізгі дауысты фонемаларға ы да

қосылады. Н.Түркбенбаев пен С.Исаевтың пікірінше, ы - дербес

фонема.


Дәлел ретінде авторлар мына жағдайларды келтіреді:

  1. [Ы] кірме сөздерде сөздің басында кездеседі (Ым -Чон, Ый - Чжу).

  2. Фонематикалық (сөз мағынасын ажырату) қасиеті бар (быт - бит, был - бил).

3. Кейбір сөздерге -иня жүрнағы, кейбір сөздерге
-ыня жүрнағы қосылады (граф - графиня, гусь -
гусыня).

Жалпы, [ы] фонемасы орыс тілінде фонема ретінде толық танылып болган жоқ деуге болады.



Орыс тіліндегі дауыстылар сан жагынан аз болғанымен, саиа жағынан аса күрделі. А, о, у, э(е), и, ы дыбыстары екі тілде де бар. Орыс тіліндегі екпін түсіп түрған а, о, э дыбыстарының казақ тіліндегі а, о, е, (э) дыбыстарымен үқеастыктарымен бірге көптеген ерекшеліктері де бар. Мысалы, екі тілдегі «а», «о» дыбыстарын алып қарайық.

Қазақ тіліндегі «а», «о» жуан дауыстылар, ал орыс тілінде тіл арты, тіл ортасы дыбыстарға жатады. Қазақ тілінде жуан «о», «а» дыбыстары жіңішке дауыссыз (к, г) дыбыстарымен тіркесе алмайды, ейткені тілімізде ко, ка, ок, ак, го, га, ог, аг деген сияқты дыбыс тіркестері жоқ. Ал орыс тілінде «а» тіл ортасы дыбыс болғаыдықтан жіңішке дауыссыздармен де, жуан дауыссыздармен де тіркесе береді. Мысалы, орыс тіліпде огород, газета, каюпус деген сөздердегі га, ка тіркесі қазақ тілінде гәзет, кәктус, өгөрөт болып тіліміздің заңцылығына бағындырылып айтылады.

Орыс тілінде екпін түспеген буындарда «о», «а» дыбыстары редукцияға үшырайды. Ал казақ тілінде қандай позицияда болса да «о», «а» редукцияланбайды. Тек кейбір сөздерде ғана дауыссыз дыбыстардың ықпалына түседі: жәй. шәй т.б.

Орыс тілінде а, о, у, э дауыстылары я, ё, ю, е әріптерімен белгілене береді. Сөздің басында, дауыстылардан кейін ъ, ь белгілерінен кейін тұрса, і+а, о, э, у болып белгіленеді, яғни я, ю, е, ё жеке графикалық белгі емес {ядро - йадро, юрта - йурта т.б.).

й - кысаң, езулік, монофтонг, ал қазақ тілінде -дифтонг: итбальщ, ит.щрындьщ т.б. Ол тек жіңішке айтылады, жуан дауыссыздардан кейін тұрса, алдында тұрған дауыссыз дыбыс (ж, ш, ц дауыссыздарынан басқасы) жіңішкеленіп айтылады: билингв, пил, ал жил - [жыл], шило - [шыло], цифра - [цыфра] т.б. сөздерде, керісінше, жуан айтылады.

У - қысаң, монофтонг, ал қазақ тілінде дифтонг: оқ(ұу), қон(ұу) т.б. Бірақ кейде екпіннің қосарланып түсуіне байланысты (под двойным ударением) орыс тілінде де у "уу" болып келеді: нау-ука, ау-ул, ка-рау-ул т.б. Қазақ тілінде осыған ұқсас қуу, жуу деген сияқты тұлгалар бар. Бұлар тұбір + жұрнақ арқылы жасалған: қу+у, жу+у. Бірақ бұл орыс тіліндегідей қосарлану, созылып айтылу емес.

Дауыстылар орыс тілінде де дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей 3 топқа жіктеледі:



1. Тілдің кәлбеу бағытында қозғалуына қарай:

а) жуан (гуттураль) немесе тіл арты
(заднеязычные): о, у;

ә) тіл алды (палаталь) немесе тіл алды (переднеязычные): и, э;



б) тіл ортасы (среднего ряда): а, ы.

2. Еріннін қатысына қарай:

а) еріндік (лабиаль) дауыстылар: у, о; ә) езулік (негубные): а, ы, и, э.

3. Тілдің тік багытта қозғалуына қарай таңдайдың
жоғарғы жағымен (и, ы, у); ортасымен (э, е, о);
томенгі жағымен (а).

Сонымен, екі тілдегі дауыстылардың артикуляциялық базасын салыстыра келе мынадай қорытынды жасауға болатын сияқты:

1. Қазақ тілінде дауыстылар көбіне еріннің қатысуымен жасалады. Сондықтан қазақ тілінде 5

еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ү, у, у, ал орыс тілінде екеу - о, у. 2. Қазақ тілінде дауыстылар тілдің катысына қарай жуан, жіңішке деп бөлінеді, ал орыс тілінде тіл алды, тіл ортасы, тіл арты деп жіктеледі.



Консонантизмдер Қазіргі қазак тіліндегі дауыссыз дыбыстардың санына байланысты әр түрлі пікір бар. С. Исаев қазақ тілінде 26 дауыссыз фонема бар, орыс тілінде - 35 деп, төмендегідей топтастырады1.

Қазақ тілі мен орыс тіліне ортак дауыссыз фонемалар -16 (б, в, г, д, ж, з, и, к, л, м, н, п, р, с, т, ш).

Қазақ тілінде бүрын болмаған дауыссыздар - 6 (в, х, ц, ч, щ, ф).

Қазақ тіліне тән дауыссыздар: г, н, ц, һ.

Орыс тілінде дауыссыздар жуан/жіңішке деп жіктеледі, осыған байланысты 12 жүп бар: б-б\ в - в', д - д\ з - з', л - л', м -м\ н - н\ п - п\ р -р\ с - с\ т - т\ ф - ф'. Жүпқа бөлінбей, тек қана жіңішке болатын дауыссыздар да бар, олар жүпсыз/жіңішке (внепарные мягкие-непалатализованные) деп аталады: щ, ч.

Тек қана жуан дауыссыздарға (внепарные-твердые невеляризованные) мыналар жатады: ж, ш, ц. Аталған дауыссыз дыбыстарды В.Белошапкова, С.Исаев төмендегідей топтаетырады:

1. Дауыс пен салдырдың қатысына қарай:

а) үнді (м, н, л);

ә) үяң (б, в, г, д, ж, з);

б) қатаң (п, с, т, ф, ш, к, ч, х, ц, ш).

2. Жасалу орнына қарай, негізгі дыбыстау
мүшелерінің қатынасуына қарай:

а) еріндік (губные): [л] - [п'], [6] - [б'], [м] - [м'],

ә) тіс фонемалары (зубные): [т] - [т'], [д] - [д'], [с] -[с'],[з]-[з'],[ц],[н]-[н'],[л]-[л'];

б) тіл ортасы - таңдай (альвеолярные немесе
передненебные): [ш], [ж], [ч'], [р] - [р'];

в) тіл ортасы (средненебные): і;

г) көмей (задненебные): [к] - [к'], [г] - [г'], [х] -

[х']. 3. Жасалу жолына қарай:

а) шұғыл (смычные), мүнын озі мұрынжолды

(носовые) және неносовые деп бөлінеді:

[м] - [м'], [н] - [н'] - мүрынжолды (носовые

смычные);

[п] - [іГ], [6] - [б'], [т] - [т'], [д] - [д'], [к] - [к'], [г]

- [г'] - неносовые смычные;



[РІ ~ [Р']_ ДІріл (дрожащие );

ә) ызың (щелевые); [л] - [л'], [ф] - [ф'], [в] - [в'],°

[с]-[с'],[з]-[з'],[ш]Лж],ШЛх]-[х'].

Ал С. Мырзабековтің айтуынша, қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема, орыс тілінде 37 дауыссыз фонема бар. Олай болатыны орыс тілінде дауыссыздардын жуан және жіңішке болып келуінде фонематикалық қасиет бар, әрі олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады дейді.

Қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар -15 (б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, п, с, т, ш).

Қазақ тілінде бүрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар - бесеу (в, ф, х, ц, ч). Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар да бесеу (г, ң, қ, у, һ) дейді.1 С.Мырзабеков те казақ тіліндегі дауыссыз фонемаларды акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай тәмендегідей топтастырады:



1. Дауыстын қатысына қарай:

а) үнді (л, лі, н, ц, й, р, _у);
ә) үяң (б, в, г, г, д, ж, з);

б) катан (п, ф. к, қ, т, ш, г, г, /;, ;./, ч);

2. Айтылуы мен ауаның шығу жолына қарай:

а) шұғыл (п, 6, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң);
ә) ызың (ф, в, с, з, ш, ж, х, г, һ, л, й, у);

б) діріл (р).

3. Жасалу орнына қарай:

а) ерін фонемалары (п, 6, ф, в, м, у); ә) тіл фонемалары (т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, ц, г, х, н, ц, л, р, й); » б) көмей фонемасы (һ). Дауыссыз фонемалардьщ көбі тілдіц тікелей қатысуымен жасалады деп көрсетеді және оларды былай топтастырады:

а) тіл алды (т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р)
ә) тіл ортасы (й)

б) тіл арты (г, г, к, қ, ң, х).

Орыс тілінде де дауыссыз фонемалар акустика -артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай топтастырылады . 1. Дауыстың қатысына қарай:



а) қатаң: [п] - [п'], [ф] - [ф'], [к] - [к'], [т] - [т'], [ш], [с]

-[сІЛчЧ.м.м-млш'];

ә) ұяң: [6] - [б'], [в] - [в'], [гі - [г'], [д] - [д'], [ж], [з] -[з'];

б) үнді: [л] - [л'], [м] - [м'], [н] - [н'], [р] - [р'].
Айтылу жолына қарай:

а) шұгыл (смычные неносовые): [п] - [п'], [6] - [б'], [т]
-[т'],[д]-[д']Лк]-[к']Лг]-[г'];

ә) үнділер (носовые смычные): [м] - [м'], [н] - [н'], (дрожащие): [р] - [р'];



б) ызың (щелевые): [фі - [ф'], [в] - [в'], [с] - [с'], [з] -
[з'], [ш], [ж], [ш'], [х] - [х'], 01;

в) аффрикаттар: [ц], [ч'].

2. Жасал>' немесе айтылу орнына қарай: а) ерін фонемалары (губные): [п] - [п'], [6] - [б'], [м] -[м'],[в]-[в'],[ф]-[ф'];

ә) тіс фонемалары (зубные): [т] - [т'], [д] - [д'], [с] -[с'], [з] - [з'], [н] - [н'], [л] - [л']. Орыс тілінле де дауыссыз фонемалардың көбі тіл мен таңдайдың тікелей қатысуымен жасалады:

а) тіл-таңдай алды (передненебные): [ш], [ж], [ч'], [р] - [р']; ә) тіл-таңдай ортасы (средненебные): П];

б) тіл-таңдай арты (задненебные):[к] - [к'], [г] ~[г'], [х]- [х']. Орыс тілінде дауыссыз фонемалар жуан - жіңішке болып жүппен келеді, бірак арасында жүпсыз тек жуан, не тек жіңішке болып келетін дауыссыздар кездеседі. Оларга мыналар жатады: а) тек жіңішке болып колданылатын фонемалар (внепарные

мЯі іШс). щ, ч,



ә) тек жуан фонемалар (внепарные твердые): ж, ш, ц. Бүл артикуляциялық ерекшелік тек орыс тіліне тән. Бүндай фонематикалық қасиет орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерде де байқалмайды. Өйткені қазақ тілінде, керісінше, дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті.

Буын (Слог)

Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінің, не кедергіге ( үшырауынын нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не

дыбыстар тобы.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады. Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбыстарға байланысты, сондықтан буынның саны дауысты дыбыстың санына байланысты болады. Дауысты дыбыс скі тілде де буынның қүрамына кіреді.

С. Исаевтың пікірінше, қазақ және орыс тілдеріндегі сөздер құрамы жағынан былайша сараланады:

/. Бір буынды сөздер (односложные): ай, ат, от, яд,сон, дом т.б.



2. Көп буынды сөздер (многосложные); ме-ре-ке, е-тік-ші, жа-пы-рақ, са-пож-ник, пле-мян-ник т.б.Қазак тілінде сиякты орыс тілінде де дыбыстық күрамы жағынан, яғни дауысты жоне дауыссыз дыбыстардың кезектесіп келуіне байланысты буын бірнеше түрге бөлінеді. Қазак тілінде буын түрлері үшеу, ал орыс тілінде - екеу. Қазак тілінде олар мынадай:

1. Ашық буын (ә-ке, ше-ше).

3. Бітеу буын (тіс, қант, бір-лік).

Ал орыс тілінде:



/. Открытый слог (ашық буын): ма - ма, во-да т.б.

2. Закрытый слог (бітеу буын): друг, матъ, тет - радь

т.б. Орыс тіліндегі бітеу буын (закрытый слог) қазақ тілінде бітеу буын және тұйык буын деп екі топқа бөлінеді. Мүның сыры мынада: ат, от, ет, ит, ар, ер, ел, ол, өл, ор дегендер фонетика-лык жагынан қарағанда тұйық буын, морфология бұларды түбір ретінде қарастырады, лексикалық түрғыдан бүлар дербес сөз деп есептеліпеді. Сондай-ақ, жер, тау, нан, мал, кел, кет, жет дегендер туралы да осыны айтуға болады. Фонетика бұларды бітеу буын деп есептесе, морфологиялық түрғыдан - түбір, ал лексика бүларды жеке сөз ретінде қарастырады.

Жалпы қазақ, орыс тілдерінде буынға байланысты ұқсастықтар көп, олар мынадай:

/. Екі тілде де дыбыстық құрамы жағынан сөз бір

буынды және көп буынды болып бөлінеді: булт,

друг; ба-ла-лар, пе-ре-ме-на.


  1. Екі тілде де буын болу үшін оның күрамында дауысты дыбыс болуы және оның саны біреуден артық болмауы керек: ә-же, пес-ня.

  2. Бір дауысты фонема бірнеше буынның қүрамында қайталанып келе береді. Мысалы: ма-га-зин, ар-ман т.б.

  3. Буында мағына болмайды, бірақ кейбір сездердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге сәйкес келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-га, ел-ші-лер-ді, дым-ный, ліед-ный т.б.

  4. Екі тілде де буынның жылысуы кездеседі. Мысалы: конь - ко-ня.

Сонымен қатар екі тілде буынға байланысты айырма-шылықтар да баршылық:

1. Қазак тілінде буынның түрлері үшеу, ал орыс тілінде - екеу. Бірақ қазақ тіліндегі түйык буын орыс тіліндегі бітеу буынмеп сәйкес келеді (опг-жать, им-пе-ра-тор т.б.)



  1. Қазак тілінде бір буында төрт дыбысқа дейін болса, орыс тілінде бір буында алты дыбысқа дейін бола-ды: цант, булт, вздрог-нуть, здра-вствуй т.б.

  2. Қазақ тілінде сөздің бастапкы буыны ғана дауыс -тыдан басталады, ал екінші, үшінші т.б. буындары дауыстыдан басталмайды. Сондыктан тасымал дауыстыдан тасымалданбайды. Орыс тілінде дауы-сты дыбыстан бастапкы, екінші, үшінші т. б. буын бастала береді. Мысалы: ал-ма, қа-ла, бо-ла-шац, о-ли-це-тво-ре-ни-е, пе-ри-о-ди-чес-кий т. б.




  1. Буын үндестігі тек казақ тіліне тән, орыс тілінде жоқ. Орыс тілінде бір буыны жуан, бір буыны жіңішке болып келе береді. Мысалы; о-пре-дг-ле-ни-е, мгно-вен-но, пти-ца т.б.

  2. Қазақ тілінде буыннын басында бір дауыссыздан (-артык болмайды, ал орыс тілінде буынның басында бірнеше дауыссыздар кездесе береді. Мысалы: стро-пи-ла, встре-ча т.б. Осыған байланысты орыс тілінен енген сөздерге дауысты дыбыс косылып қолданылады. Мысалы: стол - ус-тел, кровать - ке-реу-ет т.б.

6. Қазақ тілінде буынның соңында да дауыссыз ды-быстар саны біреуден артық болмайды. Басқа тілдерден енген сөздерде бүл шарт бүзыла береді. Сондықтан мүндай ретте қабатгасып келген дауыс-сыздардың арасына ы, і дыбыстары сыналай кіреді: по.мб ром-бы, киоск ки-ос-кі ш.б. Бірақ көне түркілік рт, лт, нт рудименттері бүл заңдылыққа бағынбайды: өрт, жылт (ету), ант, серт т.б.

Екпін (Ударение)

Сөз ішінде бір буыішың күшті айтылуын екпін дейміз. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі. Қазак тілі грамматикасының негізін қалаушы ғалым А.Байтүрсынүлы да: «Қазақ тілінде екпін буыны сөздің я аяғында, я аяғына таяу буын болып келеді» дейді. Алайда Ә.Жүнісбеков қазақ тілінің фонетикалық жүйесін мүкият зерттеудің нәтижесінде индоеуропа тілдеріне тән осы қүбылыстың орынсыз тықналанып келгенін, түркі тілдерінде сез екпінінің жок екенін, оның қызметін сингармонизм аткаратынын айтады. Бүл мәселе тюркологтар тарапынан бірыңғай қолдау таба қойған жоқ.

Ал орыс тілінің екпіні жонінде айтсақ, екпін создің кез келген буынына түсе береді. Мысалы: кас-ка, во-да, ка-рав-даш, доб-ро-же-у7а-тель т.б.

Орыс тіліндегі екпіннің тағы бір үлкен айырмашылығы -сез мағынасын ажыратудағы қызметі. Мысалы: мука - үн, м^-ка - азап. Орыс тілінде екпін грамматикалық мағынаны ажыратуға да ықпалын тигізеді. Мысалы: воцы (жекеше түрі, І.с), воды (копше түрі; А.с).

Сөйтіп, .орыс тілінде екпін лексика-морфологиялық (грамматикалық) қызмет атқарса, қазақ тіліндегі екпін екі түрлі қызмет атқарады: сезді аяктайды және сейлем ішінде сездердің жігін ажыратады, яғни екпін тілімізде лексика-синтаксистік қызмет атқарады.



Фонемалардың алмасуы (Чередо ван и е з в у к о в)

Тілде фонемалардың 2 түрлі өзгерісі бар:



  1. Модификация.

  2. Модуляция.

Модификация дегеніміз фонема түрінің өзгеруі. Модификациялык езгеріс барысында орыс тілінде дауысты дыбыстар редукцияға үшырайды.

Редукция дегеніміз - екпінсіз буындағы дауысты дыбыстың сандық және сапалық жағынан өзгертіліп айтылуы (поговоритъ [п ъ г ь в лр и^ т'}). Дауыстылардың редукциясы, өзгертіліп айтылуы, екпін түсіп түрған буынға дейінгі позиция-сына, яғни түрған орнына байланысгы. Осыған орай редукция

әр деңгейлі болып бөлінеді. Мысалы, екпін түсіп түрған буын-ның алдында түрған дауыстыньщ өзгеруі әлсіздеу болады. Бүл редукцияның бірінші позициясы деп аталады. Ал бірінші, екінші позицияда, яғни екпін түсіп түрган буыннан алыстау түрған дауысты дыбыс қатты өзгеріске үшырайды. Бүл редукцияныц

екінші позициясы.

Редукцияға байланысты дауысты фонемалар

төмендегідей өзгеріске үшырайды:

1. Екпін түсіп түрган буынның алдында түрған буын-

да:
(екеуіне де үқсас, біраралық дыбыс) А(Москва)

(и, э) - [и] немесе э] дыбысы айтылады. (экзамен - [и3кзамен])

2. Жуан дауыссыздардан кейін екпін түсіп түрған буынның алдында түрған бірінші буындагы (э), (и) - [ы] болып айтылады (цифровой) - [Екпін түспейтін буындарда катаң дауыссыздардан кейін тұратын дыбыстар әлсіз айтылады:[о], [а]

Міне, орыс тіліндегі редукция құбылысы осылай болады.

Қазақ тілінде де кейбір сөздерде редукция құбылысы кездеседі. Мәселен, ш, ж дауыссыздарынан кейін бірінші буында тұрған жуан дауысты [а] жіцішкеріп [ә] болып айтылады: жай (жәй), шай (шәй), жайлау (жәйлау), жайдақ (жәйдац), шаш (шәіи) т.б.



Сондай-ақ, ы, і дыбыстарының солғындауын да редукция құбылысына жатқызуға болатын сияқты: жапырақ - жапрақ, топырақ - топрақ, көкірек - көкрек т.б. Бірақ қазақ тілінде кездесетш редукция құиылысын орыс тілшдепдеи өзшдік бір заңдылық ретінде қарастыруға болмайтын сияқты, ойткені ш, ж Дауыссыздарынан кейін тұрған дауысты а жіңішкеріп айтылмайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы: шабарман, жау, жауып, шал т.б.

Дедік, ал дауыссыз дыбыстардың алмасуы модуляция деп аталады. әр деңгейлі болып бөлінеді. Мысалы, екпін түсіп түрған буын-ның алдында түрған дауыстының өзгеруі әлсіздеу болады. Бұл редукцияның бірінші позициясы деп аталады. Ал бірінші, екінші позицияда, яғни екпін түсіп түрған буыннан алыстау түрған дауысты дыбыс қатты өзгеріске үшырайды. Бүл редукцияньң екінші позициясы.

Редукцияға байланысты дауысты фонемалар төмендегідей өзгеріске ұшырайды:

1. Екпін түсіп түрған буынның алдында түрған буында:

(и, э) - [и] немесе



біраралық дыбыс) [иэ] дыбысы айтылады.

л(Москва) (экзамен - [иэкзамен])

2. Жуан дауыссыздардан кейін екпін түсіп түрған буынның алдында түрган бірінші буындагы (э), (и) - [ы] болып айтылады (цифровой) - [цыэфрлво'і]



[уі


[у]


Жіңішке дауыссыздардан кейін екпін түсіп түрған
буьшның алдында түрған бірінші буындағы [а], [о],
[э], [и], [ү] дыбыстарының айтылуы төмендегідей:
[а]-[<>],' [э]-[и] Екпін түспейтін буындарда қатаң дауыссыздардан кейін түратын дыбыстар әлсіз айтылады:

Міне, орыс тіліндегі редукция құбылысы осылай болады.

Қазақ тілінде де кейбір сөздерде редукция құбылысы кездеседі. Мәселен, ш, ж дауыссыздарынан кейін бірінші буында түрған жуан дауысты [а] жіңішкеріп [ә] болып айтылады: жай (жәй), шай (шәй), жайлау (жәйлау). жайдақ (жәйдақ), шаш (шәш) т.б.

Сондай-ақ, ы, і дыбыстарының солғындауын да редукция құбылысына жатқызуға болатын сияқты: жапырақ - жапрақ, топырақ - топрақ, көкірек - көкрек т.б. Бірақ қазақ тілінде кездесетш редукция құ'былысын орыс тілшдеидей өзшдік бір заңдылык ретінде қарастыруға болмайтын сияқты, өйткені ш, ж Дауыссыздарынан кейін тұрған дауысты а жіңішкеріп айтылмайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы: шабарман, жау, жауын, шал т.б.

Сонымен, модификация дауысты дыбыстардың озгеруі дедік, ал дауыссыз дыбыстардың алмасуы модуляция деп аталады.

Дауыссыз фонемалардың 2 түрлі алмасуы болады: тарихи және функционалды. Тарихи алмасу дегеніміз - дыбыстардың морфемалардағы дәстүрлі алмасуы. Мысалы:сеш'з - семір, сүрақ - сүрау, қүрақ - қүрау; друг - друзья - дружба, круг -

кружок т.б.

Функционалды алмасу - дауыссыз фонемалардын комбинаторлық және позициялық алмасуы (редукция

қүбылысы).

Комбинаторлық алмасу - фонемалардың бір-біріне

ықпалы. Бүның үш түрі кездеседі: аккомодация, ассимиляция,

диссимиляция.

Аккомодация - дыбыстардың бейімделуі, морфемалар жігінде катар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардын бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.

Орыс тілінде дауыссыздардың дауыстыларға ықпалы күшті. Мысалы: играть - сыграть т.б. Қазақ тілінде көбінесе дауыстылар дауыссыздарға ықпал етіп, өзіне бейімдеп түрады, яғни дауыссыздардың жуан және жіңішке болып айтылуына дауыстылар ықпал етеді. Мысалы: бо.чу - бөлу, ол - ел т.б. Дауыссыздар да дауыстыларга азды-копті әсер етеді, бірак оларды өзгертуге шамасы келе бермейді. Мысалы: қал - кел, магына - игеру т.б., яғни қ.г дыбыстары үнемі жуан дауыс тыларды, ал к,г жіңішке дауыстылардың түруын талап етеді. Осыған байланысты С.Мырзабеков қазақ тілінде кездесетін аккомодация күбылысын екіге бөледі:



1. Прогрессивті аккомодация - дауысты мен дауыссыздардың

үндесуі.


2. Регрессивті аккомодация - дауыссыздар мен

дауыстылардьщ үндесуі.1

Ассимиляция (латынша азвітііаііүе - ұқсау) - морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялык жактан біріне-бірінің үқсауы, бейімделуі, өзара үндесуі.

түрге бәлінедг.


Қазақ тілінде дауыссыздардың бір-біріне ықпалы үш ерінді ықпал (Прогрессивті ассимиляция). Кейінді ыкпал (Регрессивті ассимиляция). Тоғыспалы ықпал.

Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл зан бойынша алдыңғы морфеманың соңгы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалык (дауыс қатысы) жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады. Бұл, әсіресе, сөз (түбір) бен косымшаның аралығында жақсы сақталады. Мұнын өзі сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыздарға да тікелей қатысты. Дауыссыздардың әр түріне байланысты про-грессивті ассимиляция мынадай болады:

1. Үнді дауыссыздар созді аяқтай алады және бүлар
дауыстылар сиякты өзінен кейінгі морфеманың тек
үяң немесе үндіден басталуын талап етеді (мал+дың,
тау+лар).

Ал қатаң с және ш дауыссыздарынан басталатын морфемалар бүл заңға кейде кенбейді: мал+шы, жан+сын т.б.

Өзгелік етістің қатаң т жүрнағы да соңы л, н, р, й үнділеріне аякталған туынды етістіктерге жалғана алады: жонел — т, ойлан т т. б.

2. Қазақ тілінде үяң дауыссыздардан тек ж, з дыбыстары
ғана сөз соңында келеді: қыз, муқтаж. Бүл үяңдарға
аяқталған сөздерге жалғанатын қосымшалар да ұяң не
үнді дыбыстардан басгалуы тиіс: муқтаждық, қызга.

Ал орыс тілінде сөз сонында үяң дауыссыздар айтылмай-ды. Мысалы: гараж - [гараш], гнпноз - [гипнос], экипаж - [экипаш] гп.б.

Қазақ тілінің төл сөздері б, г, в, д фонемаларына аяқталмайды, сондыктан орыс тілінен енген кірме сөздердің соңында кездесетін бұл фонемаларға катан дауыссыздардан басталатын қосымшалар жалғанады: заводпен, клубқа т.б.



3. Сез соңындағы катаңдар әзінен кейіпгі
морфемалардың тек қатаң дауыссыздардан басталуын
талап етеді: тас-қа, кес-пе. Орыс тілінде прогрессивті ассимиляция байкалмайды. Ал регрессивті ассимиляция екі тілде де бар. Регрессивті ассимиляция, керісінше, кейінгі дыбыстың алдыңғы ды-бысқа әсер етуі арқылы прогрессивті ассимиляция кезінде акустика-артикуляциялық жақтан қолданған дыбыстардың арасындағы сәйкессіздіктерді реттейді.

1. Регрессивті ассимиляцияға ұшырап алмасатып
қазак тілінде бір-ақ дыбыс, ол - н. Тіліміздегі ерте-
ректе енген кейбір орыс сөздерінің кұрамында кез-
десетін нк, ңг тіркесіндегі ң дыбысы біржола ң ды-
бысына айналып кеткен: ботинка - бәтеңке, кор-
зинка — кәрзеңке).

Сонымен, н мынадай жағдайда регрессивті ассимиля-цияга үшырап, алмасады:



а) соңы н дыбысына біткен сөздерге тіл арты г және
г дыбыстарынан басталатын қосымшалар
жалғанған кезде тіл алды н тіл арты ң дыбысына
алмасады: күңгө - күнге, цаңга - канга;

ә) соңы н дыбысына біткен сөздерге жалғанатын қосымша б, м дыбыстарынан басталса, онда тіл ал-ды н қос ерін м дыбысына айналады: қан-мен-қам-меп, жанбады - жамбады;



б) алдыңғы сөз н дыбысына аяқталып, кейінгі сөз п
дыбысынан басталса, тіл алды н дыбысы қос ерін м
дыбысына алмасады: Жанпейіс - Жампейіс, жаман
пигыл - жамампигыл.

2. Алдыңғы морірсма з, ж^ дьічыстарына оітш, кбйінгі
морфсма с, ш жоне з, ж дыбыстарынан басталса,
регрессивті ассимиляция мынадай болып келеді:

а) алдыңғы морфема з үянына бітіп, кейінгі морфе-ма қатаң с дыбысынан басталса, онда з қатаң с ды-бысына алмасады: сөз - сіз - сөссүз; ә) кейінгі морфема ж дыбысынан басталса, ал-дыңғы морфеманың соңындағы з дыбысы ж дыбы-



б) кейінгі морфеманың басындағы ш дыбысы ал-
дыңғы морфеманың соңындагы з ұянын ш дыбы-
сымен алмастырады: сөзшең - сөшіиөң;

в) кейінгі морфеманың басындағы с қатаңы ал-
дыңғы морфеманың соңындағы үяң ж дыбысын
қатандандырады: лажсыз - лашшыз.

  1. Алдыңғы морфема #, к, п қатаңдарына бітіп, кейінгі морфема үнді және ұяң д, ж, з дауыссыз-дардан басталса, сөз соңындағы §, к, и_үяңданып г, г, б дыбыстарына алмасады: ак, жауын - агжауын, көк ала — көгала.

  2. Қ, к, п дыбыстарына аяқталған сөзге дауысты ды-быстан басталған қосьшша қосылғанда да нақ осылайша дыбыс алмасуы жүреді: тарац + ым -тарагым, ак + ар - агар, жок ал - жогал т. т .

  3. Алдыңғы морфема с дыбысына бітіи, кейінгі морфема ш дыбысынан басталса, с дыбысы ш дыбысымен алмасады: асшы - ашшы, басшы — башгиы.

  4. П ь дауыстыдан басталатын морфема = тап + ып = тауып, шап + ып — шауып; п + у = тап + у = табу, жап + у = жабу.

С.Исаевтың пікірінше, кейінді ықпал (регрессивті ас-симиляция) көбінесе орыс тіліне тән.

Орыс тілінде регрессивті ассимиляция мынадай жағдайларда кездеседі:



  1. Қатаң дауыссыздардың алдындағы ұяң дыбыстар қатаңға айкалады: вшиповка - винтофка, пробка -пропка.

  2. Орыс тілінде де үяң-қатаң дауыссыздар үндеспейді, керісінше, үяң мен ұяң, қатаң дауыссыз бен қатаң дауыссыз үндеседі, осыған байланысты қатаң дауыссыздардың алдында түрған ұяң қатаңға айна-лады: книжка - книшка, лавка - лафка. Ал үяң дауыссыздардың алдында түрған қатаң ұянданады: также - тагже, сдать здатъ.

3. Таңдай алды дауыссыздардың алдында тұрған тіс
дауыссызы таңдай алды дауыссызбен алмасады: сшить шшит, изжитъ — ижжит, с человеколі шчеловеком, безжалостный - бежжалостный.

  1. Ызьщ дауыссыздың алдында тұрған дауыссыздар аффрикаттармен алмасады: смеяться - смеяца, детсад ~ деисад.

  2. «3»-ның алдьшда гүрған «д» - «дз» болып ауысады: надзор - надззор, надзирателъ надззиратель.

  3. «Ш», «ж»-ның алдында тұрған «т», «д» таңдай ал-ды «ч», «дж» аффрикаттарымен алмасады: отшить - очиштъ, таджик - таджжик.

  4. Жіңішке дауыссыздардың алдында түрған фонема жуан дауыссыздармен алмасады:

а) тіс фонемалары жіңішке дауыссыздардың ал-
дында жіңішкереді, яғни жіңішке «с», «з» фонема-
лары созылмалы жіңішке дыбыспен алмасады:
растелить - расстелить;

ә) в, ф, б, п, м ерін фонемаларының алдында т, д, с, з тіс фонемалары түбірдің құрамында немесе з, с сөз алды қосымшаларынан кейін тұрса. жіңішкеріп айтылады: сбитъ - збить;



б) «ч», «ш», «ш» фонемаларының алдында н үнемі
жіңішке айтылады: каменщик, тоичайший.

Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздар-дың алдышысының өзінен кейшіі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбыска артикуляциялык жақтан ықпал етуінін нәтижесінде екеуінің де өзгеруін гоғыспалы ассимиляция дейміз. Яғни, тоғыспалы ассимиляция кезіндс корші дауыссыздар әрі прогрессивті, әрі регрессивті ас-симиляцияға бірдей ұшырайды. Қазақ тілінде тоғыспалы ықпал сөз бен сбздің аралығында кездсседг.

/. Үяң н дыбысы қатаң $, к дыбыстарын ұяң г, г ды-быстарымен алмасуға мәжбүр етеді де, тіл арты г, г тіл алды н дыбысына регрессивті ықпал етіп, оны тіл арты ң_ дыбыеымен алмастырады: Аманкелді -Амаңгглді, айдыи көл - айдыңгөл. 2. Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж ды-бысынан басталса, онда бүлардың екеуі де ш дыбысымен алмасады: Досжан - Дошшан, тас жол ташшол. Орыс тілінде тогыспалы ыкпалға кейбір дауыссыздардын айтылмауы (диэреза) жатады: сердце - серце, поздно - позно. Кейде буындар да айтылмай қалады: здравоохранение -здравохранение.

Диссимиляция (лат. сііззітііайо - ұқсамау) - дыбыстар-дын комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі, япш бұл сөз ішінде артикуляциялық үқсастығы жоқ екі немесе одан да коп дыбы-стын келуі жоне біреуінің өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа бе-руі. Ассимиляция сияқты диссимиляция да прогрессивті және регрессивті болады. Бұл күбылыс әдеби тілде сирек кездеседі, көбінесе диалект, қарапайым тілде және балалар тілінде кезде-седі. Мысалы, К.Аханов молла деген араб сөзінің қазақ тілінде молда деп айтылуы, үнді л дыбысының үяң д дыбысына айна-луы диссимиляция құбылысы дейді.

С.Мырзабеков кейбір диалектілік қүбылыстарды дисси-миляцияға жатқызады. Мысалы, түңлүк (түңдік), айланайын (айналайын).

Орыс тілінде қарапайым сөйлеуде бомба, трамвай сөздерін бонба, транвай деп айту кездеседі. Кейде коридорды -колидор деп айту жиі кездеседі. Бүл регрессивті диссимиляция. Ал февральді - феврарь деп айту прогрессивті диссимиляцияға жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет