Салық- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі150,59 Kb.
#94132
1   2   3   4
Байланысты:
Жазықбаева Гулзияр Срс Қаржы

салық салу саясаты - салық саласындағы шаралар жүйесі қоғамның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және оларды анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі қағидаттары және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсы да тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық мөлшерлемесі, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеуші мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

  • Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

  • Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.

  • Салық көзі – салық салынатын табыс.

  • Салық мөлшерлемесі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

  • Мөлшерлемелер тұрақты немесе пайыздық болып жіктеледі.

  • Тұрақты мөлшерлемелер салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен белгіленеді.

  • Пайыздық мөлшерлемелер үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік мөлшерлемелер салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік мөлшерлемелер, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық мөлшерлемелер салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір пайызбен белгіленеді.

  • Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

  • Салық жеңілдіктері дегеніміз заңға сәйкес салық төлеушіні салық төлеуден біртіндеп немесе толықтай босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерімдер, салық мөлшерлемесін төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

  • Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.

  • Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу; - заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; - салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен нормативтік актілеріндегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

  1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;

  2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;

  3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;

  4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;

  5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.


Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Салықтар тауар ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта қүрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі айналым салығы тіркелген бөлшек және көтерме сауда бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес Республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салық мен алым енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады деп жазылған. 
Пайдаланылған әдебиеттер
1.ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;
2.Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001, Экономикс;
3.Мельников В.Д., Ильясов К.К Основы финансов
4.Маркиной А.Г. Финансы
5.Галаганов В.А. Финансы
6.С.Құлпыбаев, В.Д.Мельников Қаржы негіздері:Оқулық-Алматы 2009

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет