Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет103/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   626
129-бап. Жалпы ережелер

      1. Салықтық мониторинг салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау арқылы олардың нақты салық салынатын базасын айқындау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Салықтық мониторинг:

      1) ірі салық төлеушілер мониторингінен;

      2) деңгейлес мониторингтен тұрады.

130-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингі

      1. Ірі салық төлеушілер мониторингіне, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдар болып табылатын, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық кірісі неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      1) тіркелген активтерінің құндық балансының сомасы салықтық кезеңнің соңына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын, кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын;

      2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын салық төлеушілер жатады.

      Осы баптың мақсаттары үшін:

      1) осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық кіріс ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректерінің негізінде айқындалады;

      2) тіркелген активтердің құндық баланстарының сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін салықтық есептілік негізінде айқындалады;

      3) жұмыскерлердің саны ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады.

      Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан, ірі салық төлеушілер мониторингіне:

      1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда жиынтық жылдық кірісі неғұрлым көп және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);

      2) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      жер қойнауын пайдаланушымен, кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалса;

      жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылса, жер қойнауын пайдаланушы жатады.

      2. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесіне:

      1) осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда жиынтық жылдық кірісі неғұрлым көп алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші;

      2) осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді.

      3. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны уәкілетті орган көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

      Егер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін салық төлеуші таратылу сатысында тұрған болса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.

      Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі, қолданысқа енгізілген күнінен бастап екі жыл ішінде қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатпайды.

      4. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда, оның құқықтық мирасқоры (құқықтық мирасқорлары) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.

      5. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы салық төлеуші ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет