Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жылдық жиынтық кіріске қосылатын кірістер



бет189/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   626
226-бап. Жылдық жиынтық кіріске қосылатын кірістер

      1. Жылдық жиынтық кіріске салық төлеуші кірістерінің барлық түрлері:

      1) өткізуден түсетін кіріс;

      2) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірісі;

      3) құн өсімінен түсетін кіріс;

      4) туынды қаржы құралдары бойынша кіріс;

      5) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс;

      6) күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс;

      7) осы Кодекстің 250-бабының 1, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс;

      8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;

      9) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс;

      10) табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін кіріс;

      11) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін кіріс;

      12) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін кіріс;

      13) егер бұрын бұл сомалар шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұл);

      14) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

      15) өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;

      16) дивидендтер;

      17) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель, ислам жалдау сертификаты бойынша сыйақылар;

      18) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

      19) ұтыстар;

      20) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған кіріс;

      21) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс;

      22) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;

      23) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс;

      24) мемлекеттік кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында бекітіп берілген негізгі құралдардың амортизациясына байланысты осындай кәсіпорынның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес туындайтын кірісі;

      25) осы тармақтың 1) – 24) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да кірістер қосылған құн салығы мен акциз сомасы қосылмастан, қосылады.

      2. Егер сол бір кірістер кірістердің бірнеше баптарында көрсетілуі ықтимал жағдайда, көрсетілген кірістер жылдық жиынтық кіріске бір рет қосылады.

      Егер осы бөлімнің 227 – 240-баптарында, 5 және 6-параграфтарында өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттары үшін кірісті тану күнін қоса алғанда, кірісті тану халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Кірісті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану кірісті осы Кодекске сәйкес айқындау және тану тәртібінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген кіріс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен есепке алынады.

      3. Мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша сенімгерлік басқарушы мен сенімгерлік басқару құрылтайшысының жылдық жиынтық кірісі осы Кодекстің 40, 42, 43, 44 және 45-баптарының ережелері ескеріле отырып айқындалады.

      4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 286 және 287-баптарына сәйкес кірістерді түзетуге құқығы бар. Бұл ретте осы Кодекстің 286 және 287-баптарына сәйкес түзетулер ескерілген жылдық жиынтық кіріс теріс мәнге ие болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет