Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Құн өсімінен түсетін кіріс



бет191/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   626
228-бап. Құн өсімінен түсетін кіріс

      1. Құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;

      2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;

      3) амортизацияға жатпайтын активтердің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы кезінде құралады.

      2. Осы баптың мақсаттарында амортизацияға жатпайтын активтерге:

      1) жер учаскелері;

      2) аяқталмаған құрылыс объектілері;

      3) орнатылмаған жабдық;

      4) кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер, оның ішінде сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер;

      5) осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

      6) бағалы қағаздар;

      7) қатысу үлесі;

      8) инвестициялық алтын;

      9) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

      10) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер;

      11) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік жатады.

      3. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтер бойынша:

      1) өткізу кезінде – өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капиталға салымның құны негізге алына отырып айқындалған активтің құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма;

      3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма әрбір актив бойынша өсім болып танылады.

      4. Борыштық бағалы қағаздар бойынша:

      1) өткізу кезінде – дисконттың амортизациясы және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, өткізілу құны мен бастапқы құн арасындағы, купон ескерілмеген оң айырма;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – дисконттың амортизациясы және (немесе) берілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, жарғылық капиталға салымның құны негізге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаздың құны мен бастапқы құн арасындағы, купон ескерілмеген оң айырма;

      3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – дисконттың амортизациясы және (немесе) шығып қалу күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы, купон ескерілмеген оң айырма әрбір бағалы қағаз бойынша құн өсімі болып танылады.

      5. Осы баптың 2-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша:

      1) өткізу кезінде – өткізу құны;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капиталға салымның құны;

      3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн әрбір актив бойынша құн өсімі болып танылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      6-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

      6. Егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1) – 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны мынадай тәртіппен айқындалады:

      сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындар жиынтығы,

      немесе

      егер активтер жарғылық капиталға салым ретінде алынған жағдайда – жарғылық капиталға салымның құны,

      немесе

      егер активтер қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жағдайда – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн,

      немесе

      егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің, осындай мүліктің берілгенін растайтын және тараптардың қолдарымен куәландырылған құжатта көрсетілген қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан, беруші тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күніндегі баланстық құны,

      немесе

      егер автивтер өтеусіз алынған жағдайда – осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық кіріске қосылған құн,

      қосу

      мыналардан:

      осы Кодекстің 264-бабының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес шегерiмге жатқызуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);

      амортизациялық аударымдардан басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын, оның ішінде сатып алынғаннан кейін де ұлғайтатын басқа да шығындар.

      7. Мыналар қатысу үлесінің бастапқы құны болып табылады:

      оны сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың, қатысу үлесін сатып алуға байланысты және оның құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұлғайтатын шығындардың жиынтығы,

      немесе

      егер қатысу үлесі жарғылық капиталға салым ретінде алынған жағдайда – жарғылық капиталға салымның құны,

      немесе

      егер қатысу үлесі қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жағдайда – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн,

      немесе

      егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің, осындай мүліктің берілгенін растайтын және тараптардың қолдарымен куәландырылған құжатта көрсетілген қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан, беруші тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күніндегі баланстық құны,

      немесе

      егер қатысу үлесі өтеусіз алынған жағдайда – осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық кіріске қосылған құн.

      8. Осы Кодекстің 239-бабына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүліктің бастапқы құны мұндай активтердің шығып қалған күнгі, қайта бағалануы мен құнсыздануы ескерілмеген, баланстық құны болып табылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-тармақ 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      9. Осы баптың мақсаттарында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларының және (немесе) бағалы қағаздарының бастапқы құны жарғылық капиталды ұлғайтуға арналған іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып, осындай акцияларды және (немесе) бағалы қағаздарды сатып алудың бастапқы құны болып табылады.

      10. Осы баптың мақсаттары үшін жарғылық капиталға салым ретінде берілген (алынған) активтің қабылдау-беру актісінде немесе активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын өзге құжатта көрсетілген құны, оның, бірақ өзін төлеу есебіне актив берілген (алынған) жарғылық капиталға салымның сомасынан аспайтын құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.

      11. Құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде – осындай активті өткізу;

      2) амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салықтық кезеңде – осындай активті жарғылық капиталға салым ретінде беру;

      3) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған салықтық кезеңде – амортизацияға жатпайтын активтің бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы;

      4) бөлу балансы бекітілген салықтық кезеңде – амортизацияға жатпайтын активтің бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы кезінде танылады.

      12. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер осы Кодекстің 300-бабы 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кіріске қосылады.


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет