Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс



бет195/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   626
232-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 250-бабының 1, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн төмендетуден түсетiн кірістер деп:

      1) борышкер талапты орындаған кезде – орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

      2) борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн цессия шартын жасасу жолымен талап ету құқықтарын басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңарту, басқаға қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде азайтқан кезде, есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

      3) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтердi) күтілетін кредиттік залалдардың бағалануын өзгерту нәтижесінде азайту сомалары танылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      2-тармақ 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      2. Осы Кодекстің 250-бабының 2-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кірістер деп:

      1) борышкер талапты орындаған кезде – орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

      2) борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн цессия шартын жасасу жолымен талап ету құқықтарын басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңарту, басқаға қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде азайтқан кезде, талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

      3) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтердi) күтілетін кредиттік залалдардың бағалануын өзгерту нәтижесінде азайту сомалары;

      4) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың (резервтердің) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған сомасы танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомасы банктің 2026 жылға тура келетін салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісіне қосылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      3. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта айқындалған тәртіппен және шарттарда кешірілген жағдайда, осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін төмендетуден түсетін кіріс деп танымайды.

      Осы тармақтың ережелері 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.

      Осы тармақтың ережелері банк оларға қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) құрған кредит (қарыз) бойынша мыналардан:

      негізгі борыш бойынша берешектен;

      2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақы бойынша берешектен тұратын борышқа қатысты қолданылады.

      Осы тармақ бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде:

      1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;

      2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, өздері бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілсе;

      3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, өздері бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;

      4) мыналар:

      бейрезидентке берілген кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат:

      шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзгеше түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар лауазымды адамға немесе тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз;

      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіру туралы талап қою;

      борышкердің және банк алдында борышкермен бірге ынтымақты немесе субсидиарлық жауапкершілігі бар үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қабылданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқарушылық құжатты аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге құжаты;

      шет мемлекет сотының борышты өндіріп алудан, кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі;

      шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізуді аяқтау туралы ұйғарым;

      шет мемлекеттің құзыретті органының борышкерді немесе кепіл берушіні таратылуына байланысты заңды тұлғалар тізілімінен шығару туралы құжаты болса;

      резидентке берілген кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат:

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар лауазымды адамға немесе тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз;

      банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады.

      Бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша:

      ипотекалық шарт жасасқан күнге негізгі борышты толықтай қамтамасыз еткен кепіл мүлікті соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі борыш сомасынан төмен бағамен сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасын кешіру кезінде;

      банк талап ету құқығы басқаға берілген күні бейрезидент болып табылған үшінші тұлғаға кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын дисконтпен бірге берген кезде, егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе банк не банктің мүдделерін білдіретін немесе осындай банктің мүдделерінде мүлікті басқару үшін шет мемлекеттің соты тағайындаған тұлға арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса, осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы талап етілмейді.

      Осы тармақшаның екінші бөлігінің мақсаттары үшін өзі бойынша банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен кредит бойынша талап ету құқығының құны арасындағы теріс айырма дисконт болып танылады;

      банктің басқару органы мыналардың:

      Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасында қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің;

      кредиттің (қарыздың) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасының болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда;

      егер:

      өзі бойынша кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол қойған, борыштың қалған бөлігін (бұдан әрі – борыш қалдығын) өтеу шартымен борыштың бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған;

      осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:

      осы баптың 1-тармағына сәйкес, құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін төмендетуден түсетін кірісті борыш қалдығы мөлшерінде таныған;

      кіріске осы Кодекстің 286 және 287-баптарында көзделген түзету жүргізбеген;

      борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған, борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайларда, борышты кешіру күнінде бейрезидент болып табылатын борышкерге кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы мен банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының бағалаушы және борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борыштың бір бөлігін кешіру кезінде, осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы талап етілмейді;

      5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген осындай кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;

      6) кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса, соның негізінде осындай кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған болса;

      7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде банк Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпарат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады.

      Бұл ретте өздері бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:

      1) кредит дерекнамасының нөмірі;

      2) кредит (қарыз) берілген күн;

      3) қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;

      4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақы мен негізгі борыш бөлінісінде кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі.

      Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, банк жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4-тармақ 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      4. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көзделген ережелер өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

      5. Есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi мынадай жағдайларда азайтылған кезде осы Кодекстiң 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кiрiс деп танылмайды:

      1) борышкер-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен таратылуына байланысты оны Бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау;

      2) борышкер-жеке тұлғаны заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп тану немесе оны заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жариялау;

      3) борышкер-жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiлеу, сондай-ақ борышкер-жеке тұлғаның қайтыс болу жағдайы;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

      4) борышкердің және осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілігі бар үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысының заңды күшіне енуі;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

      5) осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына, немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;

      6) борышкер-дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығару;

      7) екінші деңгейдегі банктің, микроқаржы ұйымының бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқығы басқаға берілген күні екінші деңгейдегі банк, микроқаржы ұйымы басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқығының құны мен екінші деңгейдегі банктің, микроқаржы ұйымының борышкерден алуына жататын кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде екінші деңгейдегі банктің, микроқаржы ұйымының кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқықтарын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген заңды тұлғаларға беруі;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салықтық кезеңде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда, осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуда төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттық есеп айырысулар және кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес азайтуы;

      9) осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты борышкерге қойылатын талап мөлшерін кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;

      10) осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушiнің кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғынжай қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландырылуға жататын ипотекалық тұрғынжай қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшерін кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      11) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      11) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банктің 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруі.

      6. Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған, бұрын шегерімге жатқызылған сақтандыру резервтерінің есепті салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері мен осындай резервтердің алдыңғы салықтық кезең соңындағы мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін төмендетуден түсетін кірісі болып танылады.


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет