Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Инвестициялық салықтық преференциялар



бет231/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   626
274-бап. Инвестициялық салықтық преференциялар

      1. Инвестициялық салықтық преференциялар (бұдан әрі осы параграфта – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 275 және 276-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді.

      Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары преференцияларды қолдану құқығына ие болады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылысжайлар, машиналар мен жабдық өздері пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі кемінде үш салықтық кезең ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келсе:

      1) концессия шарты шеңберінде концеденттің концессионерге (құқық мирасқорына немесе концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаға) иеленуге немесе пайдалануға берген, қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын активтер немесе негізгі құралдар болып табылса;

      2) преференцияларды қолданған салық төлеуші кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланып жатса;

      3) өздерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмаса;

      4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салықтық есепке алуда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатпаса;

      5) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілетін активтер болып табылмаса;

      6) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген активтер болып табылмаса, преференциялар объектілеріне жатқызылады.

      3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды, машиналар мен жабдықты реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылысжайлар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында негізгі құралдар ретінде есепке алынса;

      2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылғаннан соң пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі кемінде үш салықтық кезең ішінде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса;

      3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса;

      4) өздерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмаса;

      5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салықтық есепке алуда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатпаса, өздері іс жүзінде жүргізілген салықтық кезеңде шегерімге жатқызылуға жатады.

      Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:

      негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;

      негізгі құралдың қызмет мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;

      реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады.

      4. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін, мыналардан:

      сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      мәдени-ойын-сауық мақсатындағы ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға, қоғамдық тамақтануға арналған басқа да ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөліктері) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жатады.

      Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін, спортқа арналған құрылысжайлар мен демалу орындарынан, мәдени-ойын-сауық, қонақ үй, мейрамхана мақсатындағы, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе аялдауына арналған құрылысжайлардан басқа құрылысжайлар өндірістік мақсаттағы құрылысжайларға жатады.

      5. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін:

      1) құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ғимаратты (ғимараттың бөлігін) пайдалануға енгізу актісіне қол қойылғаннан кейін құрылыс салушының құрылыс объектісін тапсырыс берушіге беруі;

      2) қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ғимаратты (ғимараттың бөлігін) пайдалануға енгізу актісіне қол қою Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан тұрғызылған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға енгізілуі болып табылады.

      6. Мынадай шарттардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе:

      1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 21-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;

      2) салық төлеуші спирттің, алкоголь өнімінің, темекі бұйымдарының барлық түрлерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырса;

      3) салық төлеуші осы Кодекстің 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы болмайды.


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет