Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер



бет230/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   626
273-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер

      1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кiші топтың (І топ бойынша) тiркелген активі шығып қалғаннан кейiн кіші топтың салықтық кезең соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.

      Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатпайды.

      2. Топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн тиісті топтың салықтық кезең соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатады.

      3. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерiн өтеусіз берген кезде тиісті кiші топтың немесе топтың салықтық кезең соңындағы құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатпайды.

      4. Салық төлеушi кiші топтың (топтың) салықтық кезең соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және салықтық кезеңнің соңғы күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аз соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.

      5. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кiші топтың (топтың) салықтық кезең соңындағы құндық балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы. Шегерім өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлық кен орындарын әзірлеу салдарларын жою жөніндегі жұмыс аяқталған салықтық кезеңде жүргізіледі.

      Өндіруге арналған көрсетілген келісімшарт бойынша жылдық жиынтық кіріс болмаған немесе залал болған жағдайда, шегерім осындай жер қойнауын пайдаланушының өндіруге арналған басқа келісімшарты бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте шегерім мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және салықтық кезеңнің соңғы күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

4-параграф. Инвестициялық салықтық преференциялар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет