288-бап. Салық салынатын кірісті азайту
1. Салық төлеушінің салық салынатын кірісті мынадай шығыстар түрлеріне:
1) салықтық кезеңде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілердің – мынадай:
осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусіз берілген мүліктің құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 3 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілердің – мынадай:
осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 4 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады;
3) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектерге төленетін жалақыға және басқа да төлемдерге есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын;
4) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыспен өтеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның мақсаттарында оқытуға арналған шығыстар:
оқытуға ақы төлеуге іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
тұруға уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
білім алатын адамға салық төлеуші айқындаған, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын мөлшерлерде ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;
оқуға түскен кезде оқу орнына баруы және оқу аяқталғаннан кейін қайтуына іс жүзінде жұмсалған шығыстарды қамтиды.
Осы тармақшаның ережелері:
жеке тұлға оқыту шығыстарын жеке тұлғаның оқуы аяқталған салықтық кезеңді, сондай-ақ кейінгі салықтық кезеңді қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, өзін оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты жеке тұлғаның оқуы аяқталған күннен бастап үш ай ішінде жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жеке тұлға оқыту шығыстарын еңбек шарты бұзылған салықтық кезеңді, сондай-ақ кейінгі салықтық кезеңді қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, өзін оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты мұндай тұлғамен еңбек шарты жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жер қойнауын пайдаланушы мұндай оқыту шығыстарына қатысты осы Кодекстің 261-бабының ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды.
5) алушысы осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымы болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақша 01.01.2023 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
6) берілген қорғау құжаты бар өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына және ғылыми-техникалық жұмыстарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап-компаниялардан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 254-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған сомасының 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережелері көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда қолданылады.
Көрсетілген жұмыстардың нәтижесін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізуді растау тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша ғылыми-техникалық даму саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша жасалған және тәртіппен келісілген енгізу актісі болып табылады.
Осы тармақтың мақсаттарында, өтеусіз берілген мүліктің құны:
ақша беру кезінде – берілген ақшаның мөлшерімен;
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде – осындай жұмыстарды орындауға, осындай қызметтерді көрсетуге шегілген шығыстардың мөлшерімен;
өзге мүлік бойынша аталған мүліктің қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
2. Салық төлеушінің мынадай кіріс түрлеріне салық салынатын кірісті азайтуға құқығы бар:
1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, лизинг шарты бойынша сыйақы;
2) осындай сыйақы есепке жазылған күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақы;
4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден шеккен залалдарға азайтылған кірістер;
5) агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін, агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған кірістер;
6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсаты бойынша пайдаланылған мүліктің құны;
7) республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құны;
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацына енгізілген өзгеріс 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.
8) егер осы тармақтың 9) және 11) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциумға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аз болады деген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленуінің осы тармақшада көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақшаның үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 01.01.2022 дейін қолданыста болады).
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақшаның үшінші бөлігінің осы редакциясы 01.01.2019 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.
Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруге пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;
9) өткiзу күнiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістер;
РҚАО-ның ескертпесі!
10) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
10) дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде алған, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым берген банктік салым шарты бойынша сыйақы;
РҚАО-ның ескертпесі!
11) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.
11) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
Ескерту. 288-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |