Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет249/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   626
295-бап. Жалпы ережелер

      Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салуға жатпайды.

      Қосарланған салық салу мынадай тәртіппен жойылады:

      1) бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығы шет мемлекетте:

      20 пайыздан аз тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда – осындай пайда салығы осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жатады;

      20 және одан да көп пайыздық тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда – осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салудан босату қолданылады;

      2) дивидендтер төлейтін бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынған қаржылық пайдасынан резиденттің бақыланатын бір шетелдік компаниясы басқа осындай компанияға дивидендтер төлеген жағдайда – мұндай дивидендтер осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағына сәйкес, дивидендтер алатын бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;

      3) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасында Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, Қазақстан Республикасында:

      20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған кірістер, сондай-ақ дивидендтер түріндегі кірістер есепке алынған жағдайда – осындай кірістер осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;

      20 пайыздан аз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған кірістер есепке алынған жағдайда – осындай салық осы Кодекстің 302-бабына сәйкес резиденттің корпоративтік табыс салығынан шегерілуге жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет