339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер
Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі рет салық салынбауға тиіс.
Қосарланған салық салу мынадай тәртіппен жойылады:
1) бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығы шет мемлекетте:
10 пайыздан аз тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда – мұндай пайда салығы осы Кодекстің 359-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс;
10 және одан көп пайыз тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда – осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босату қолданылады;
2) дивидендтер төлейтін бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынған қаржылық пайдасынан резиденттің бір бақыланатын шетелдік компаниясы екінші осындай компанияға дивидендтер төлеген жағдайда – мұндай дивидендтер осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес дивидендтер алатын бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;
3) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасында Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы:
10 және одан көп пайыз мөлшерлеме бойынша салынған кірістер, сондай-ақ дивидендтер түріндегі кірістер ескерілген болса, мұндай кірістер осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;
10 пайыздан аз мөлшерлеме бойынша салынған кірістер ескерілген болса, мұндай салық осы Кодекстің 358-бабының 6-тармағына сәйкес резиденттің жеке табыс салығынан шегеруге жатады.
Ескертпе.
Осы бапта пайдаланылатын ұғымдар осы Кодекстің 294-бабында айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |