Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет286/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   626
341-бап. Кірісті түзету

      1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

      1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

      2) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген банктердегі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы өздерінің салымдары (депозиттері) бойынша төленетiн сыйақылар;

      3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

      4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;

      5) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсiмiнен түсетін кірістер;

      6) агенттiк облигацияларды өткiзу кезінде құн өсiмiнен түсетін кірістер;

      7) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болған осындай дивидендтер мен сыйақылар;

      8) бiр мезгiлде мынадай шарттар орындалған кездегі дивидендтер:

      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленеді;

      дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;

      жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнында дивидендтерді төлеу күніне 50 пайыздан аз болады.

      Осы тармақшаның ережелерi резидент-заңды тұлғадан:

      акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төлуге жататын таза кіріс немесе оның бір бөлігі;

      резидент-заңды тұлға құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза кіріс немесе оның бір бөлігі;

      резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесiн немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде және осындай эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтерге қолданылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.

      Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.

      Егер дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізсе, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату қолданылмайды;

      егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады;

      9) әскери қызмет міндеттерін орындауына байланысты әскери қызметшінің, қызметтік міндеттерін орындауына байланысты арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдарының қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің кірістері;

      10) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киімді киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;

      11) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және мұндай ұтыстарды есепке жазу күніне қолданыста болатын йлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері шегiнде бір лотерея бойынша ұтыс;

      12) республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген және мұндай төлем күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерiнде бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқытуға байланысты төлемдер;

      13) "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер.

      Осы тармақшаның ережелері жеке тұлға мыналарды ұсынған кезде қолданылады:

      "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте кірісті түзету мөлшері көрсетілген өтініш;

      растайтын құжаттардың көшірмелері;

      14) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшері шегіндегі бір жылғы кірісі.

      Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға жеке қосалқы шаруашылықтан алған мынадай ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түсетін кіріс жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс деп танылады:

      тірі сауынды табын ірі қара мал;

      тірі ірі қара мал;

      тірі жылқы және өзге жылқы тұқымдас жануарлар;

      тірі түйе және түйе тектілер;

      тірі қой мен ешкі;

      тірі шошқа;

      тірі үй құстары;

      тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы;

      ірі қара малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының және жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті;

      сауынды табын ірі қара малдың шикі сүті;

      үй құстарының жас немесе тоңазытылған еті;

      картоп;

      сәбіз;

      қырыққабат;

      баялды;

      қызанақ;

      қияр;

      сарымсақ;

      пияз;

      қант қызылшасы;

      алма;

      алмұрт;

      айва;

      өрік;

      шие;

      шабдалы;

      қара өрік;

      ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойдың, ешкінің түтілген жүні, терілері, иленбеген былғарысы.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармақшаның ережелерін бір ғана салық агенті – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым, ауыл шаруашылығы кооперативі және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға мынадай құжаттарды:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтаманы;

      жергілікті атқарушы органның жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын:

      алаңы көрсетіле отырып, жер учаскесінің;

      саны көрсетіле отырып, үй жануарларының;

      саны көрсетіле отырып, үй құстарының бар екендігі туралы растауын;

      салық салуға жататын кірістерге түзету қолдануға арналған өтінішті ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданады.

      Бұл ретте құжаттар салық агентіне осындай түзету қолданылған күнтізбелік жылда кемінде бір рет ұсынылады;

      15) акцияларды, резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер. Осы тармақша бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде қолданылады:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;

      осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциум қатысушысы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;

      жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткізу күніне 50 пайыздан аз болады.

      Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.

      Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;

      16) өткізу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезінде құн өсiмiнен түсетiн кірістер;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленетін (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа) мынадай:

      инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма түріндегі;

      өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кезде – мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарға, мұрагерлері мен оларды алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға – көтермелеу түріндегі;

      дүлей зілзалаға немесе басқа да төтенше мән-жайларға байланысты залалдардың орнын толтыру түріндегі;

      еңбек шартының қолданылуы тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде – өтемақы төлемдері түріндегі;

      халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін универсиада жүлдегерлері мен қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде – көтермелеу түріндегі;

      зейнеткерлік жасқа толған, отставкадағы судьяларға – өмір бойғы ай сайынғы қамтылым түріндегі;

      Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, мемлекеттік стипендиялар түрінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі төлемдер;

      18) күнтізбелік жыл iшiнде салық агенті жүргізген әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегiндегі:

      жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерді (косметологиялықтан басқа) алғанын және оларға төленген нақты шығыстарын, немесе ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты және ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының төленгенін растайтын құжат болған кезде жұмыс берушінің ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстарын растайтын құжаттарды берген кезде – жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшiн;

      жұмыскер баланың (балалардың) тууы туралы куәліктің (куәліктердің) көшірмесін берген кезде – баласы туылған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түріндегі;

      жұмыскердің немесе оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кезде – жұмыскерді немесе оның отбасы мүшелерін, жақын туыстарын жерлеуге арналған төлемдер.

      Кіріске түзету қолдану туралы өтініш негізінде және растайтын құжаттар болған кезде көрсетілген кірістер салық салудан босатылады;

      19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық жұмыскерлердiң ресми кірістері;

      20) кірісі салық салуға жататын шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегі шетелдiктердің ресми кірістері;

      21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен төленетiн шетел валютасындағы ресми кірістері;

      22) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақысы);

      24) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекеттiң сыйлықақылары;

      25) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға жіберілген шығыстар;

      26) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

      27) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшері шегінде – Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жұмыс берушінің жүктілік пен босану бойынша демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлердің демалысына ақы төлеуге арналған шығыстары түріндегі кірістер.

      Егер жұмыс берушінің осы тармақшада көрсетілген шығыстары еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, осы тармақшаның ережелері қолданылады;

      28) мемлекеттiк стипендиялар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде ұйымдар бiлiм беру ұйымдарында білім алатын адамдарға төлейтiн стипендиялар;

      29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, білім беру ұйымдары осындай ұйымдардағы білім алушыларға төлейтін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;

      30) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, білім беру ұйымдары осындай ұйымдардағы білім алушыларға төлейтін мемлекеттік атаулы стипендиялар;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарын оқытуды және олардың тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды төлеуге арналған төлемдер;

      32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алатын адамдарға жол жүру шығыстарының өтемақылары;

      33) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде, оның ішінде сыйға алу немесе мұраға қалдыру түрінде алған мүлік.

      Осы тармақшаның ережелері:

      дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған мүлікке;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;

      34) қайырымдылық және демеушілік көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;

      35) он алты жасқа толмаған балаларға арналған балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;

      36) осы Кодекстiң 329-бабында көзделген кірістерді қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру жағдайына байланысты, кез келген сақтандыру түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерi;

      37) жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша:

      сақтандыру сыйлықақылары жеке тұлға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына және (немесе) жұмыс беруші жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын;

      сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;

      38) сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқарудан түсетін, резидент-жеке тұлғадан, оның ішінде сенімгерлік басқарушы болып табылатын дара кәсіпкерден алған таза кірісі;

      39) осы Кодекстің 340-бабына сәйкес, бақыланатын шетелдік компаниядан алынған, Қазақстан Республикасында жеке табыс салығы салынған қаржылық пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген дивидендтер;

      40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;

      41) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

      42) моральдық зиянды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға өтем;

      43) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бөлігінде жұмыс беруші жасасқан жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары және аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

      44) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалатын, сондай-ақ сот шығыстарының сомалары;

      45) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

      46) жұмыс беруші өз жұмыскерлерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықақылары;

      47) гранттар қаражаты есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

      48) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуден түсетін кіріс – осындай кіріс сомасының 85 пайызы мөлшеріндегі кіріс.

      Осы тармақшада көзделген кірісті айқындау кезінде осы Кодекстің 37-тарауында көрсетілген салықтық шегерімдер қолданылмайды.

      49) жұмыскердің салық салынатын кірісі – осы тармақшада көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде;

      50) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің кірістері.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармақ 52) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Салық агенті жеке тұлғаның кірісіне осы баптың 1-тармағының 13), 14) және 18) тармақшаларында көзделген кіріс түзетуді жеке тұлғаның осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен қолданбаған жағдайда, жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне кіріс төлеу жүргізілген күнтізбелік жыл және оның алдындағы күнтізбелік жыл ішінде өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.

37-тарау. САЛЫҚТЫҚ ШЕГЕРІМДЕР

      РҚАО-ның ескертпесі!


      342-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      342-баптың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет