Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес қолдану ерекшеліктері



бет289/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   626
344-бап. Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес қолдану ерекшеліктері

      Салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кету сомасын, сондай-ақ салық агентінде салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасын жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға дербес есепке алады.



345-бап. Зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім

      1. Салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске салықтық шегерім мынадай мөлшерлерде қолданылады:

      1) осы Кодекстің 326-бабының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшерінде;

      2) осы Кодекстің 326-бабының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 12 еселенген мөлшерiнде.

      2. Сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру төлемдері түріндегі, салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріске сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі кіріс есепке жазылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшерінің сомасында салықтық шегерім қолданылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      346-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      346-баптың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет