Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау



бет297/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   626
353-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау

      1. Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

      жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын, ағымдағы салықтық кезеңде алған кірістерінің сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.

      2. Мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған, салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:

      мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға ағымдағы салықтық кезеңде алған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің сомасы, алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерімдер сомасы.

      3. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан:

      салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы, алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы

      алу

      осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында көрсетілген тәртіппен және мөлшерде салықтық шегерім сомасы;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мөлшерінде.

      4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:

      салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс сомасы, алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы, алу

      осы Кодекстің 345-бабының 2-тармағында көрсетілген тәртіппен және мөлшерде салықтық шегерім сомасы.

      5. Салық агентінен салық салынатын кірістердің, оның ішінде осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілмеген кіріс түрлері бойынша мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:

      төлем көзінен салық салуға жататын, осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілмеген, ағымдағы салықтық кезеңде алынған барлық кірістердің сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерім сомасы.

      6. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістің шетел валютасындағы сомасы кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.

      7. Егер осы баптың 1 – 5-тармақтарында көзделген тәртіппен айқындалған сома теріс болып табылса, онда мұндай сома салықтық шегерімдердің асып кетуі деп танылады.

      Салықтық шегерімдердің асып кету сомасы осы салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегінде кейінгі салықтық кезеңдерге ауыстырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет