354-бап. Салықтық және есепті кезеңдер
1. Салық агенттері төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін күнтiзбелiк ай салықтық кезең болып табылады.
2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны жасау үшін күнтiзбелiк тоқсан есепті кезең болып табылады.
355-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті тұрған жердегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей:
салық агенттері, оның ішінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері;
әлеуметтік төлем агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз пайдасына тапсырады.
2. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының есептелген сомаларын бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда көрсетеді.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері құрылымдық бөлімше орналасқан жердегі салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады.
39-тарау. Жеке тұлға дербес есептейтін жеке табыс салығы бойынша есептеу, төлеу және салықтық есептілікті ұсыну тәртібі
РҚАО-ның ескертпесі!
356-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
356-баптың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |