Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Сыйақылар бойынша салықтық шегерім



бет293/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   626
349-бап. Сыйақылар бойынша салықтық шегерім

      1. Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Респуликасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.

      2. Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен жасалған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;

      2) сыйақы сомалары бөліп көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;

      3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат.

      3. Салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде қолданылады:

      ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні;

      сыйақыны төлеу күні.

38-тарау. Төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы бойынша есептеу, төлеу және салықтық есептілікті ұсыну тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      350-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      350-баптың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет