362-бап. Салықты төлеу мерзімдері
1. Салықтық кезең қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам – тұрған жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсыруы үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүзеге асырады.
2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |