Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Декларацияны тапсыру мерзімдері



бет307/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   626
364-бап. Декларацияны тапсыру мерзімдері

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.

      2. Осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістерді алған, Қазақстан Республикасының резидент-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда тапсырады.

      Осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резидент-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.

      Бұл ретте осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістерді алған резидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кететін күніне дейін тапсырылады.

9-БӨЛІМ. Жеке практикамен айналысатын адамның және дара кәсіпкердің кірістерінен жеке табыс салығы

40-тарау. Жеке практикамен айналысатын адамның және жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет