366-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
1. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 288-бабында белгіленген салық салынатын кірісті азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған дара кәсіпкердің салық салынатын кірісін азайту,
қосу
бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған ауыстыруға жататын залалдар.
2. Дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 226 – 240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 225-бабында белгіленген жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісін түзету,
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 2-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісін түзету,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 242 – 276-баптарында белгіленген шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 287-бабында белгіленген кірістер мен шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірістер мен шегерімдерді түзету.
10-БӨЛІМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
41-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Достарыңызбен бөлісу: |