343-бап. Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану ерекшеліктері
1. Міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімді қоспағанда, салық агенті салықтық шегерімдерді төлем көзінен:
1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;
2) растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады. Мұндай көшірмелер осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық агентінде сақталады.
2. Күнтізбелік жыл ішінде салық агенті ауысқан кезде, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы салық агентінде түзілген, салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы жаңа салық агентінде есепке алынбайды.
Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген стандартты шегерімдерге қолданылмайды, ол бойынша алдыңғы салық агентінде түзілген салықтық шегерімнің асып кетуі осы Кодексте белгіленген шекте жаңа салық агентінде есепке алынады. Бұл ретте жеке тұлға алдыңғы салық агенті берген жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы береді.
3. Жеке тұлға салықтық шегерімнің белгілі бір түрін бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы.
4. Салық агенті жеке тұлғаның кірісіне салықтық шегерімдерді жеке тұлғаның осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен қолданбаған жағдайда жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне кіріс төлеу жүргізілген күнтізбелік жыл және оның алдындағы күнтізбелік жыл ішінде өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |