Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қатысу үлесі және акциялар түрінде мүлікті сенімгерлік басқару кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері



бет30/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   626
44-бап. Қатысу үлесі және акциялар түрінде мүлікті сенімгерлік басқару кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері

      1. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін:

      сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі мен акциялар бойынша дивидендтер түріндегі, сенімгерлік басқарушы жұмсаған шығындар сомасына азайтылған, мүлікті сенімгерлік басқару шарты, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайлар және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде өтелген (өтеуге жататын) кіріс (бұдан әрі – сенімгерлік басқарудан түсетін дивидендтер) сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі болып табылады;

      қатысу үлестерін және акцияларды сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлкі болып табылады.

      Мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда көзделген, сенімгерлік басқарушыға төлеуге жататын сыйақы сенімгерлік басқару құрылтайшысының шығындары болып табылады.

      Сенімгерлік басқарушының қатысу үлестерін және акцияларды сенімгерлік басқарудың кірісіне:

      мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы;

      сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген шығындардың сомасы қосылады.

      Сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқару шығындары салықтық есепке алу мақсаттары үшін осындай сенімгерлік басқарушының шығындары болып табылады.

      Мұндай шығындар сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі мен акциялар бойынша дивидендтер түрінде сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісін азайтады және сенімгерлік басқару құрылтайшысында шығындар, шығыстар ретінде есепке алынбайды.

      2. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы осы Кодексте айқындалған тәртіппен корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.

      3. Сенімгерлік басқарушы қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінде айқындалған тәртіппен қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары және мүлкі бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.



45-бап. Қатысу үлесінен және акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актілер бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері

      1. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін:

      қатысу үлесі мен акциялардан басқа, сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша, бейрезидент-сенімгерлік басқарушы жұмсаған шығындар сомасына азайтылған, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде өтелген (өтеуге жататын) кіріс сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі болып табылады;

      мұндай мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлкі болып табылады;

      мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген, сенімгерлік басқарушыға төлеуге жататын сыйақы сенімгерлік басқару құрылтайшысының шығындары болып табылады.

      Сенімгерлік басқарушының қатысу үлесі мен акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін кірісіне:

      мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы;

      сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген шығындар сомасы қосылады.

      Сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген қатысу үлесі мен акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқарудың шығындары осындай сенімгерлік басқарушының шығындары болып табылады.

      Мұндай шығындар сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісін азайтады және сенімгерлік басқару құрылтайшысында шығындар ретінде есепке алынбайды.

      2. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы қатарына осындай құрылтайшы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен сенімгерлік басқарудан түсетін кіріс пен сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.

      3. Сенімгерлік басқарушы қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары мен мүлкі бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет