Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны



бет319/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   626
378-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны

      1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, егер:

      1) өнім берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) тауарлар бойынша – тасу басталған орын Қазақстан Республикасы болып табылса;

      2) қалған жағдайларда – тауар алушыға Қазақстан Республикасының аумағында берілсе, Қазақстан Республикасы тауарларды өткізу орны болып танылады.

      2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, егер:

      1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiкке тiкелей байланысты болса, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе осындай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда нақты орналасқан жері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері болып танылады.

      Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес нұқсан келтірмей көшіру мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ құбыржолдар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшада жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады;

      2) жылжымалы мүлікке байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

      Мұндай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;

      3) көрсетілетін қызметтер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы көрсетілетін қызметтерге жатса және іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе;

      4) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асырса, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

      Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы көрсетілетін қызметтерге ойын-сауық орындарында (ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетілетін ойын-сауық-демалу мақсатындағы көрсетілетін қызметтер жатады.

      Осы тармақшаның мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны болып танылады.

      Егер бейрезидент жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы болып табылған, ал есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның құрылымдық бөлімшесі алушы болып табылған жайдайда, онда Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

      Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты қолданылады:

      зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарын беру; бағдарламалық қамтылымға техникалық қызмет көрсету және оны жаңарту бойынша;

      интернет-ресурстарға қол жеткізуді беру;

      консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратудан, сондай-ақ интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қол жеткізуді беруден басқа, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      персоналды беру;

      жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) мүліктік жалдауға (жалға) беру;

      агенттiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту бойынша көрсетілетін қызметтері;

      байланыс қызметтері;

      сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісу;

      радио көрсетілетін қызметтері және телевизиялық көрсетілетін қызметтер;

      жүк вагондары мен контейнерлерді жалға және (немесе) пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтер;

      5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын тұлға орындаса немесе көрсетсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлғаның:

      осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда және мынадай шарттардың бірі немесе бірнешеуі сақталған кезде:

      жолаушылар, тасылатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінсе;

      жолаушылар, тасылатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкетілсе;

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушылар тасымалданса, тауарлар (пошта, багаж) тасылса – жолаушылар мен багажды тасымалдау, тауарларды, оның ішінде поштаны тасу бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты;

      осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда – өзге жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) және 3) тармақшаларының мақсаттары үшін жұмыстарды, қызметтерді көрсететін тұлғаның болатын орны осындай жұмыстарды, қызметтерді көрсетудің іс жүзіндегі орны деп танылады.

      3. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу басқа да негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осындай өткізу орны болып танылады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің жұмыстарын орындаған, қызметтерін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

      5. Осы баптың 2-тармағы қолданылған кезде көрсетілген баптың біреуден артық тармақшасының ережелеріне сәйкес келетін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету орны осы тармақшалардың реті бойынша біріншісіне сәйкес айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет