Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні



бет320/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   626
379-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні

      1. Осы баптың 2, 5, 7 – 12 және 14-тармақтарында көрсетілген айналымдарды қоспағанда, мыналар:

      1) егер шарттың талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе – мынадай күндердің бірі:

      өнім беруші (сатушы) айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген тұлғасына тауар берілген күн;

      тауар өнім берушінің (сатушының) көлік құралына тиелген күн;

      2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса:

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімдеуге жататын кезде – өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) осындай құжатқа қол қойған күн;

      қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған адамның, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асырған адамның билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

      2. Сатып алушының билігіне сәйкестендірілген тауарлардың берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарын беру арқылы тауарлар өткізілген кезде осындай тауарлар сатып алушыға іс жүзінде берілген күн өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

      3. Осы баптың 4, 5, 6 және 13-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

      Бұл ретте:

      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

      орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.

      4. Банк операцияларын жүзеге асыру, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызметтерді, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және пошта жөнілтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтерді, ойын автоматтарын ұтысынсыз, дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), карттарды (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалануға беру бойынша қызметтерді көрсету кезінде неғұрлым ерте болатын мынадай күндердің бірі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады:

      1) әрбiр төлем (есеп айырысу нысанына қарамастан) алынған күн;

      2) бухгалтерлік есепте қызметтерді көрсету танылған күн.

      5. Электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерiн, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде тауарлар жеткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін ағынды жүйелерді және кәрізді тазалау бойынша жұмыстар, қалдықтарды жинау бойынша көрсетілетін қызметтер (қоқысты жою), лифтілерге, домофондарға қызмет көрсету бойынша қызметтер коммуналдық көрсетілетін қызметтер деп түсініледі.

      6. Жүзеге асырылуы кезінде құжаттар Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде (теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдаудан басқа) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген неғұрлым кеш болатын күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

      7. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастыруды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде мерзімді баспасөз басылымы берілген күн немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне жіберілген күн және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылған күн айналымды жасау күні болып табылады.

      8. Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өту күні;

      2) мынадай жағдайларда:

      тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланыла отырып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда;

      тауарлар уақытша кедендік декларациялау пайдаланыла отырып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

      9. Бұрын экспорт кедендік рәсіммен орналастырыла отырып әкетілген тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкелінген жағдайда:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауар мерзімдік немесе уақытша декларациялау пайдаланылмай, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өту күні;

      2) тауарлар мерзімдік немесе уақытша декларациялау пайдаланыла отырып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген кезде кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

      10. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алуды қолдану процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына немесе кепiл ұстаушыға ауысқан күн кепiл беруші үшiн өткізу бойынша айналымды жасау күнi болып табылады.

      11. Мүлік қаржы лизингіне берілген кезде:

      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сыйақы сомасы есепке алынбай, лизинг шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлем сомасы бөлігінде – осындай төлемді алу мерзімі басталған күн;

      2) сыйақы сомасы есепке алынбай, лизинг шарты бойынша алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы бөлігінде – мүлік қаржы лизингіне берілген күн;

      3) осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталған кезде, сыйақы сомасы есепке алынбай, лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдердің мерзімінен бұрын өтелген сомалары бөлігінде – осындай төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күні;

      4) сыйақының есепке жазылған сомасы бөлігінде – неғұрлым ерте болатын мынадай күндердің бірі:

      есепті салықтық кезеңнің соңғы күні;

      қаржы лизингі шарты бойынша сыйақыны есепке жазу тоқтатылған соңғы күн өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

      12. Осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауар жоғалған кезде, салық төлеуші жоғалу фактісін анықтаған күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

      13. Бейрезидент орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер осы Кодекстің 373-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің айналымы деп танылған жағдайда, мынадай күндердің бірі осындай айналымды жасау күні болып табылады:

      шарттың тараптары болып табылатын өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күн;

      орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге де құжат болған кезде – бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығындарды бухгалтерлік есепте тану күні.

      14. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде:

      1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын тапсырған күннің;

      2) осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген, салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннің алдындағы күн осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген айналымды жасау күні болып табылады.

      15. Егер осы баптың 3, 5 және 13-тармақтарында айқындалған құжаттарда бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кеш болатыны құжатқа қол қойылған күн болып табылады.

43-тарау. АЙНАЛЫМНЫҢ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҢ МӨЛШЕРІН АЙҚЫНДАУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет