Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Кейінге қалдырудың және мерзімін ұзартудың қолданылуын тоқтату



бет39/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   626
54-бап. Кейінге қалдырудың және мерзімін ұзартудың қолданылуын тоқтату

      1. Кейінге қалдырудың және мерзімін ұзартудың қолданылуы тиісті шешімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.

      2. Кейінге қалдырудың және мерзімін ұзартудың қолданылуы:

      1) салық төлеуші салықтардың және (немесе) төлемақылардың бүкіл сомасын белгіленген мерзім өткенге дейін төлеген;

      2) салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды және мерзімін ұзартуды беру шарттарын бұзған;

      3) егер кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша берілген жағдайда – тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы салық органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берілген жағдайларда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады. Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.

      3. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуын осы шешімді қабылдаған салық органы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламаны салық төлеушіге жібере отырып тоқтатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет