477-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салықтық кезең ішінде жасаған акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есеп-қисаптары (бұдан әрі бөлім бойынша – акциз бойынша есеп-қисап) жеке-жеке жасалады.
Акциз бойынша есеп-қисап негізінде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз сомасы айқындалады.
2. Акциз төлеушілер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органдарына акциз бойынша есеп-қисапты осы Кодекстің 478-бабында белгіленген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілер үшін акциз бойынша бір есеп-қисап ұсынады.
3. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банктік шотынан жүргізедi немесе ол заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне жүктеледi.
4. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп-қисапты салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |