552-бап. Алымдарды есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша төленеді.
2. Тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін өлшемдерін бұза отырып, автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей күн сайын банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомаларын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілерінде уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі қойылады.
4. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |