Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзімі



бет462/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   626
549-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзімі

      Тіркелген салық бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

18-БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР

68-тарау. АЛЫМДАР



550-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер

      1. Салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:

      1) тіркеу әрекеттері;

      2) рұқсат құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша әрекеттер жасалған кезде алатын, бюджетке төленетін бір реттік төлемдер алымдар болып табылады.

      Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат құжаттары деп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін, рұқсаттарға қатысы жоқ келісімдер де түсініледі.

      2. Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу әрекеттері деп уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай әрекеттер жасауы түсініледі:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

      2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу;

      4) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу;

      5) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

      6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

      7) алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8) теле- радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою;

      9) микроқаржы ұйымдарын есептік тiркеу.

      3. Алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алынады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін беретін рұқсат құжаттары, келісімдер;

      3) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін берілетін рұқсат құжаттары (бұдан әрі – автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым):

      халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;

      халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;

      ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі;

      4) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелерден басқа) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға беретін рұқсаттар;

      5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттар;

      6) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) рұқсаттар.

      4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ есептелген (есепке жазылған) алымдардың толық алынуы, бюджетке уақтылы төленуі үшін, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына берілетін мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.

      5. Осы Кодекстің 26-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша (беру толық автоматтандырылғанға дейін) салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет ұсынады.

      Ескерту. 550-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет