544-бап. Төлеушілер
Уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) карттарды (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тіркелген салықты төлеушілер болып табылады.
545-бап. Тіркелген салық салу объектілері
Мыналар:
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы;
2) бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелi;
7) уәкілетті ұйымның айырбастау пункті тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |