539-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі
1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған кірістің сомасы кірістің шекті мөлшерінен асып кеткен жағдайда есептеледі.
2. Қосымша төлемді есептеу мақсаттарында ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салықтық кезеңдегі кірістің шекті мөлшері мыналарды құрайды:
1) казино қызметінен – айлық есептік көрсеткіштің 135 000 еселенген мөлшері;
2) ойын автоматтары залы қызметінен – айлық есептік көрсеткіштің 25000 еселенген мөлшері;
3) тотализатор қызметінен – айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшері;
4) букмекерлік кеңсе қызметінен – айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшері.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген кірістің шекті мөлшерлері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салықтық кезең ішінде ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кіріс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлемдер сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған кіріс деп танылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
540-бап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |