Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі



бет451/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   626
532-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді.

      2. Егер салықтық кезең ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі айларының санына көбейту арқылы есептеледі.

      Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай объектіге меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) айқындалады.

      3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды есептеледi.

      4. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде салық сомасын қайта есептеу уәкілетті мемлекеттік орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.

      5. Осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:

      құқық туындаған кезде – осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;

      құқық тоқтатылған кезде – осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды.

      6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      7. Меншік құқығын беретін тұлға салық салу объектісін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында салық салу объектісіне меншік құқығын беру жүргізілген жылдың алдындағы салықтық кезең үшін айқындалған салықтық база қолданылады.

      8. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салықтық кезең үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен орналасқан шекаралардағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құн негізге алына отырып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет