528-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар жеке тұлғаларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
529-бап. Салықтық база
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
Қ – салық салу мақсаттарына арналған мүлік құны;
Қ б – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;
S – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;
К физ – физикалық тозу коэффициенті;
К функц – функционалдық тозу коэффициенті;
К айм – аймаққа бөлу коэффициенті;
К аек. өзг – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
Р/с
№
|
Елді мекеннің санаты
|
Базалық құны
теңгемен
|
1
|
2
|
3
|
|
Қалалар:
|
|
1.
|
Алматы
|
60 000
|
2.
|
Шымкент
|
36 000
|
3.
|
Астана
|
60 000
|
4.
|
Ақтау
|
36 000
|
5.
|
Ақтөбе
|
36 000
|
6.
|
Атырау
|
36 000
|
7.
|
Көкшетау
|
36 000
|
8.
|
Қарағанды
|
36 000
|
9.
|
Қостанай
|
36 000
|
10.
|
Қызылорда
|
36 000
|
11.
|
Орал
|
36 000
|
12.
|
Өскемен
|
36 000
|
13.
|
Павлодар
|
36 000
|
14.
|
Петропавл
|
36 000
|
15.
|
Талдықорған
|
36 000
|
16.
|
Тараз
|
36 000
|
17.
|
Түркістан
|
12 000
|
18.
|
Облыстық маңызы бар қалалар
|
12 000
|
19.
|
Аудандық маңызы бар қалалар
|
6 000
|
20.
|
Кенттер
|
4 200
|
21.
|
Ауылдар
|
700
|
3. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың құны осындай объект бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай формуламен есептеледі:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек. өзг х K айм, мұнда:
Қ – салық салу мақсаттарына арналған құн;
Қ б – осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құннан мынадай мөлшерде айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі бойынша – 25 пайыз,
гараж бойынша – 15 пайыз;
S – тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,
К физ – осы баптың 4-тармағында айқындалған тәртіппен белгіленген физикалық тозу коэффициенті;
К аек. өзг – осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті;
К айм – осы баптың 6-тармағында айқындалған тәртіппен белгіленген аймаққа бөлу коэффициенті.
4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары және мына формула бойынша тиімді пайдаланылған мерзімі ескеріле отырып айқындалады:
К физ = 1 - Т физ, мұнда:
Т физ – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.
Физикалық тозу мына формула бойынша айқындалады:
Т физ = (Т баз - Т беру) х Н аморт/100, мұнда:
Т баз – салық есепке жазылған жыл;
Т беру – салық салу объектісінің пайдалануға берілген жылы;
Н аморт – амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуын айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
Р/с
№
|
Күрделілік тобы
|
Ғимараттың сипаттамасы
|
Н аморт, %
|
Қызмет ету мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
1.
|
Тас, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5-тен артық кірпіштен қаланған кірпіш немесе темір-бетон немесе металл қаңқасы бар кірпіш, жабындары темір-бетон және бетон ғимараттар; қабырғалары ірі панельді, жабындары темір-бетон ғимараттар
|
0,7
|
143
|
2.
|
2.
|
Қабырғаларының қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған кірпіш, жабындары темір-бетон, бетон немесе ағаш ғимараттар; қабырғалары ірі блокты, жабындары темір-бетон ғимараттар
|
0,8
|
125
|
3.
|
3.
|
Қабырғалары кірпіштен, монолитті шлак-бетоннан, жеңіл шлак-блоктардан, ұлутастардан жеңіл қаланған, жабындары темір-бетон немесе бетон ғимараттар; қабырғалары ірі блокты немесе кірпіштен жеңіл қаланған, монолитті шлак-бетон, ұсақ шлак-блок ғимараттар
|
1,0
|
100
|
4.
|
4.
|
Аралас, кесілген ағаштан жасалған немесе төсемтас қабырғалары бар ғимараттар
|
2,0
|
50
|
5.
|
5.
|
Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар
|
3,3
|
30
|
6.
|
6.
|
Қамыс қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар
|
6,6
|
15
|
Егер тұрғынжайдың, саяжай құрылысының тас немесе тіреу панельдерінің физикалық тозуы 70 пайыздан, өзге материалдардың тозуы 65 пайыздан асып кетсе, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең деп қабылданады.
5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін физикалық тозу коэффициенті (К функц) мына формула бойынша есептеледі:
К функц = К қабат х К бұрыш. х К қабырғ. мат х К абат. х К жылыт, мұнда:
К қабат – тұрғынжайдың орналасу қабатына қарай базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент;
К бұрыш – тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуын ескеретін коэффициент;
К қабырғ.мат – қабырғалардың материалын ескеретін коэффициент;
К абат. – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының абаттандырылуы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент;
К жылыт – жылыту түрін ескеретін коэффициент.
Қабатына қарай қабаттың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қабат):
Р/с №
|
Қабаты
|
Кқабат
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Бірінші
|
0,95
|
2.
|
Аралық немесе жеке тұрғын үй
|
1,00
|
3.
|
Соңғы
|
0,9
|
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көппәтерлі тұрғын ғимараттар үшін кез келген қабат үшін қабат коэффициенті 1-ге тең деп алынады.
Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (Кбұрыш) қолданылады:
Р/с
№
|
Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуы
|
К бұрыш
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Бұрышта орналасқан
|
0,95
|
2.
|
Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй
|
1,0
|
Қабырғаларының материалына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К қаб. мат) қолданылады:
Р/с
№
|
Қабырғаларының материалы
|
Коэффициент
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Кірпіштен
|
1,1
|
2.
|
Керамзит-бетон блоктардан құрама
|
1,0
|
3.
|
Керамзит-бетон блоктардан құрама, кірпішпен қапталған
|
1,05
|
4.
|
Темір-бетон панельдер
|
1,0
|
5.
|
Темір-бетон панельдерден,кірпішпен қапталған
|
1,05
|
6.
|
Балшықтан соғылған саман
|
0,5
|
7.
|
Саман, сыртынан 0,5 кірпішпен қапталған
|
0,6
|
8.
|
Монолитті шлак-бетон
|
0,7
|
9.
|
Темір-бетон блоктардан
|
1,0
|
10.
|
Жиналмалы-қалқанды
|
0,6
|
11.
|
Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпішпен қапталған
|
0,75
|
12.
|
Кесілген ағаштан
|
0,85
|
13.
|
Шпалдан
|
0,75
|
14.
|
Шпалдан, кірпішпен қапталған
|
0,95
|
15.
|
Қамыс қаңқалы
|
0,6
|
16.
|
Өзгелері
|
1,0
|
Тұрғынжайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде абаттандырудың түзету коэффициенті (К абат) 1-ге тең деп алынады.
Адамдардың тұруына (тұрмысына), болуына нормативтік не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа абаттандыру түрлері) болмаған жағдайда К абат 0,8-ге тең деп алынады.
Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылыт) қолданылады:
Р/с
№
|
Жылыту түрлері
|
К жылыт
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Орталықтан жылыту
|
1,0
|
2.
|
Газбен немесе мазутпен жергілікті жылыту
|
0,98
|
3.
|
Қатты отынды қолданып, сумен жергілікті жылыту
|
0,95
|
4.
|
Пешпен жылыту
|
0,9
|
6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жергіліктi атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша осындай коэффициент енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға тиіс.
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (бұдан әрі – К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдың ж. аек.,
мұнда:
ағ. ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;
алдың ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.
8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салықтық базаны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осы бапқа сәйкес есептелетін осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындайды.
9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылатын жағдайда салықтық база әрбір объект бойынша жеке-жеке есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |