524-бап. Салықтық кезең
1. 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл мүлiк салығын есептеу үшiн салықтық кезең болып табылады.
2. Осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшiн салықтық кезең салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдалану аяқталған кезге дейiн айқындалады.
525-бап. Салықтық есептілік
1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектілері орналасқан жер бойынша салық органдарына салықтық кезеңнің басындағы жағдай бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады.
2. Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:
ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде – ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын;
салықтық кезең ішінде жер салығы бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде – ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетіп және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.
3. Салық бойынша декларацияны салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмейтін мерзімде:
1) заңды тұлғалар;
2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;
3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.
65-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: |