Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі



бет443/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   626
522-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше жүргiзедi.

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер мүлік салығын есептеуді осы Кодекстің 78-тарауы 1-параграфының ережелерін ескере отырып жүргізеді.

      2. Осы Кодекстің 521-бабының 6-тармағында айқындалған тұлғалар салық сомасын:

      салық салу объектілері жеке тұлғаларға сатып алу құқығынсыз тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 520-бабының 1-тармағына;

      салық салу объектілері жеке тұлғаларға сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 520-бабының 2-тармағына сәйкес әрбір объект бойынша жеке-жеке айқындалатын салықтық базаға осы Кодекстің 531-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.

      3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушi үшін оның мүлiк құнындағы үлесiне пропорционалды есептеледi.

      4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салықтық кезең ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салықтық кезеңнің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.

      5. Салық бюджетке салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi.

      6. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салықтық кезеңнің басындағы салық салу объектілері бойынша салықтық базаға тиісті салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.

      7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, тең үлестермен төлейді.

      8. Салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, оның ішінде осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе олар мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:

      1) осындай салықтық кезеңнің ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды төлеудің алғашқы мерзімі болып табылады;

      2) ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық сомасын тек түпкілікті есептеу және осы баптың 11-тармағында көзделген мерзімдерде төлеу жүргізіледі.

      9. Мүлік салығы бойынша міндеттемелер салықтық кезең ішінде өзгерген кезде ағымдағы төлемдер, егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, осындай салықтық кезеңде салық төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен салықтық міндеттемелердің өзгеру сомасына түзетіледі.

      10. Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер бухгалтерлік есеп деректері бойынша келіп түсетін күнге айқындалған келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-і салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын сомаға ұлғайтылады. Ағымдағы төлемдер ұлғайтылуға жататын сома осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

      Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілері құнының 1/13-і салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын сомаға азайтылады.

      Бұл ретте мыналар шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады:

      бухгалтерлік есеп деректері бойынша келіп түсетін күнге бастапқы құн – ағымдағы салықтық кезеңде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;

      бухгалтерлік есеп деректері бойынша салықтық кезеңнің басындағы баланстық құн – қалған салық салу объектілері бойынша.

      Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

      11. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер мүлік салығын есептеу жөніндегі түпкілікті есеп-қисапты жүргізеді және салықтық кезең үшін декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

      12. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салықтық кезең үшін декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

      13. Осы Кодекстің 518-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін салық сомасы тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда:

      1) беруші тарап үшiн – осындай салық салу объектісін іс жүзінде иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың 1-күнінен бастап осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін;

      2) қабылдаушы тарап үшiн – осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың 1-күнінен басталған кезең үшін есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет