Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



бет473/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   626
564-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.

      Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жыл сайынғы төлемақы сомалары – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасайтын есеп-қисаптарда белгiленедi.

      Жер салығы сомаларының өзгеруіне алып келетін, шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасының есеп-қисаптарын –жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері қайта қарайды.

      2. Салықтық кезеңде төлеуге жататын уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы баптың 1-тармағында көрсетілген есеп-қисаптарда белгіленген төлемақы мөлшерлемелері және салықтық кезеңде жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады.

      Бұл ретте жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер жер учаскесі салықтық кезең басталатын күні бастапқы өтеулі жер пайдалану құқығында болса) немесе жер учаскесіне мұндай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап мұндай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер жер учаскесі салықтық кезең аяқталатын күні осындай құқықта болса) айқындалады.

      3. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелерi бойынша есептелген жер салығы сомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi.

      4. Егер осы баптың 5, 6, 9, 10 және 12-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, төлемақы төлеушiлер ағымдағы жылғы 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен төлемақы сомасын бюджетке төлейдi.

      Мемлекет төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнің бірінен кейiн жер учаскелерiн уақытша өтеулі жер пайдалануға берген жағдайларда, төлеудің келесi кезектi мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.

      5. Жеке тұлғалар өтеулі жер пайдалануға алынған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын (пайдалануға жатпайтын) жер учаскелері бойынша төлемақы сомасын 25 ақпаннан кешіктірмей төлейді.

      Уақытша өтеулі жер пайдалану шарты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін жасалған жағдайда, жеке тұлғаның осындай шарт жасалған салықтық кезең үшін төлемақы төлеуі осындай шарт жасалған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      6. Уақытша өтеулі жер пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен немесе салықтық кезең аяқталғанға дейін ол бұзылған жағдайда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы шарттың қолданылу мерзімі өткен немесе осындай шарт бұзылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей сол жылы жер пайдаланудың нақты кезеңі үшін бюджетке төленуге жатады.

      7. Төлемақы сомасы:

      1) жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;

      2) жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша – пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша бюджетке төленеді.

      8. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

      9. Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақының жылдық сомасын есепті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша лицензия қолданылған және оның қолданылуы аяқталған жағдайда – есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей немесе лицензияны есепті жылдың 1 ақпанын қоса алғанға дейін алған кезде – осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалатын төлемақының жылдық сомасы мөлшерінде төлейді.

      10. Егер есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанындағы жағдай бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылу мерзімі ағымдағы салықтық кезеңде өтетіні белгілі болса, онда есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде мұндай лицензияның нақты қолданылу мерзімі үшін осы баптың 11-тармағына сәйкес есептелген төлемақы төленуге тиіс.

      11. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін алынған немесе есепті салықтық кезең ішінде лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы төлемақы сомасын осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және осындай лицензияның есепті салықтық кезеңде нақты қолданылу кезеңін негізге ала отырып айқындайды.

      Бұл ретте лицензияның нақты қолданылу кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер мұндай лицензия салықтық кезең басталатын күнге қолданыста болса) немесе мұндай лицензия қолданыла бастаған айдың 1-күнінен бастап мұндай лицензияның қолданылуы тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер мұндай лицензия салықтық кезең аяқталатын күнге қолданыста болса) айқындалады.

      12. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін тоқтатылған жағдайларда, осындай лицензияның нақты қолданылу кезеңі үшін төлемақы сомасы лицензияның қолданылу мерзімі өткен тоқсаннан кейінгі тоқсанның екінші айының 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке енгізілуге жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет