558-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.
3. Төлемақы алу көзделген лицензияны беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақыны есептеуді, есепке жазуды жүргізеді және төлемақы мөлшерлемелерін қолдану дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ өндіріп алудың толықтығы, төлемақыларды бюджетке төлеудің уақтылығы үшін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.
2-параграф. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Достарыңызбен бөлісу: |