Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері



бет526/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   626
646-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармақтың бірінші абзацына енгізілген өзгеріс 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      1. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:

      1) осы тармақтың 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабында айқындалған кірістер – 20 пайыз;

      2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 пайыз;

      3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 пайыз;

      4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістер – 5 пайыз;

      5) құн өсімінен түсетін кірістер, дивидендтер, сыйақылар, роялти – 15 пайыз.

      2. Осы Кодекстің 644-бабында айқындалған, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салуға жатады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      3. Осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер, сондай-ақ осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалардан алынған дивидендтер 5 пайыз мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен салық салуға жатады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      646-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет