744-бап. Салық салу объектісі
Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін салықтық кезеңде нормаланатын ысыраптардың көлемі шегеріле отырып, минералды шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі болып табылады.
Нормаланатын ысыраптардың көлемі осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасы негізінде белгіленеді.
Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын, минералды шикізат қорларының есептік және жиынтық баланстарында пайдаланылатын өлшем бірліктері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |