Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет604/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   600   601   602   603   604   605   606   607   ...   626
745-бап. Салықтық база

      1. Салықтық кезеңде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады.

      2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында минералды шикізат:

      1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикізат;

      2) құрамында бір мезгілде осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар және пайдалы қазбалардың басқа да түрлері бар минералды шикізат;

      3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, құрамында пайдалы қазбалар бар минералды шикізат;

      4) кен орнында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілетін минералды шикізат;

      5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін минералды шикізат болып бөлінеді.

      3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезең үшін минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салықтық кезең үшін осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.

      Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салықтық кезең үшін бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиісті салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.

      Осы баптың мақсаттары үшін бағаның белгіленімі пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген және "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pagesLimited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланатын баға белгіленімін білдіреді.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады:

      мұнда:

      S - пайдалы қазбаға салықтық кезең үшін орташа биржалық баға;

      Р1, Р2..., Рn – салықтық кезең ішінде Лондон металдар биржасында бағалардың белгіленімі жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі;

      Е – тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      n – салықтық кезеңде бағалардың белгіленімі жарияланған күндердің саны.

      Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі мынадай формула бойынша айқындалады:

      мұнда:

      Рn – бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі;

      Сn1 – пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы белгіленімі;

      Сn2 – пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы белгіленімі.

      Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салықтық кезеңдегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:

     

,

      мұнда:



      S – алтынға, платинаға, палладийге салықтық кезең үшін орташа биржалық баға;

      Р1, Р2,..., Рn – салықтық кезең ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың белгіленімі хабарланған және жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі;

      Е – тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      n – бағалардың белгіленімі жарияланған салықтық кезеңдегі күндердің саны.

      Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі мынадай формула бойынша айқындалады:

     


,

      мұнда:



      Рn – бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі;

      Сn1 – алтынға, платинаға, палладийге a.m. (таңғы фиксинг) бағалардың күн сайынғы белгіленімі;

      Сn2 – алтынға, платинаға, палладийге p.m. (кешкі фиксинг) бағалардың күн сайынғы белгіленімі.

      Күмiске орташа биржалық баға салықтық кезең үшін күмiске бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:

     

,

      мұнда:



      S – күміске салықтық кезең үшін орташа биржалық баға;

      Р1, Р2,..., Рn – салықтық кезең ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың белгіленімі хабарланған және жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы белгіленімі;

      Е – тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      n – бағалардың белгіленімі жарияланған салықтық кезеңдегі күндердің саны.

      Пайдалы қазбаға орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан салық салынатын көлемінің құрамындағы әрбір пайдалы қазба түрінің барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады;

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалар құны:

      осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы тармақтың 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен;

      минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны – оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берген жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне сай келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өзіндік өндірістік құны негізінде;

      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны – бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

      4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салықтық кезеңде Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген бағалардың ресми белгіленімі бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.

      5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты өткізу болмаған жағдайда олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салықтық кезеңдегі өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде айқындалады.

      6. Келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:

      1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен;

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне сай келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өзіндік өндірістік құны негізінде;

      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне сай келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.

      Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбаларды кейіннен өткізген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салықтық кезеңдегі өткізудің орташа өлшемді нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларына түзету жүргізуге міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді алғашқы өткізу болған салықтық кезеңнің алдындағы он екі айлық кезеңі үшін жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салықтық кезеңнің салықтық міндеттемесі болып табылады.

      7. Осы баптың мақсатында салықтық кезең үшін өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:

      Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. х Б2 ө.… + Vn ө.п. х Бn ө.) / V жалпы өткізу,

      мұнда:

      V1 ө.п., V2 ө.п.,. Vn ө.п. – салықтық кезең үшін өткізілетін пайдалы қазбалардың әрбір партиясының көлемдері;

      Б1 ө., Б2 ө. ... Бn ө. – салықтық кезеңде әрбір партия бойынша пайдалы қазбаларды өткізудің нақты бағалары;

      n – салықтық кезеңде өткізілген пайдалы қазбалар партиясының саны;

      V жалпы өткізу – салықтық кезеңде пайдалы қазбаларды өткізудің жалпы көлемі.

      Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салықтық кезең үшін өндірілген пайдалы қазбалардың барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өзіндік өндірістік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   600   601   602   603   604   605   606   607   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет