748-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшыққа арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшық көлемінің бірлігі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:
Р/с
№
|
Пайдалы қазбалардың атауы
|
Мөлшерлемелер, АЕК-пен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Метаморфалық жыныстар: мәрмәр, кварцит, кварцтық-далалық шпат жыныстары
|
0,02
|
2.
|
Магмалық тау жыныстар: гранит, сиенит, диорит, габбро, риолит (липарит), андезит, диабаз, базальт, вулкандық туфтар, шлактар, помпалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан)
|
0,02
|
3.
|
Шөгінді тау жыныстары: жұмыртастар мен қиыршық тас, қиыршық тас-құмды (құмды-қиыршық тасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақ топырақ, алевролиттер, аргиллиттер, сазды тақта тастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде қабықшалар, борлы жыныстар, доломиттер, әктас-доломитті жыныстар, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек
|
0,04
|
4.
|
Емдік балшық
|
0,02
|
2. Жерасты суларына арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:
Р/с
№
|
Пайдалы қазбалардың атауы
|
Мөлшерлемелер, АЕК-пен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Осы кестенің 2-14-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы
|
1,000
|
2.
|
Табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес су тұтынушыларға және сумен жабдықтау жөніндегі ұйымдарға сумен жабдықтау қызметтерін көрсету үшін пайдаланған жерасты суы
|
0,001
|
3.
|
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісіне өткізген жерасты суы
|
0,001
|
4.
|
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол:
|
|
4.1.
|
пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде және (немесе) ол басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде соңғысы пайдалану үшін көлемі есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген құжатта көрсетілген, сумен жабдықтау жүйелері бойынша іс жүзінде берілген су шегінде пайдаланған жерасты суы
|
0,003
|
4.2.
|
жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерді орындауы үшін, оның ішінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды (кір жуатын орындарды, дәретханаларды, жуыну, шайыну орындарын) қамтамасыз ету үшін пайдаланған жерасты суы
|
0,003
|
5.
|
Пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе өндірілген (ілеспе алынған, сорып алынған), жер қойнауын пайдаланушы техникалық сумен жабдықтау және басқа да өндірістік мұқтаждықтар үшін өткізген немесе пайдаланған жерасты суы (шахталық, карьерлік, кеніштік), өндірістік-техникалық жерасты суы
|
0,003
|
6.
|
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол медициналық қызметті, жұмыскерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ жұмыскерлердің қоғамдық тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодекстің 239-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде пайдаланған жерасты суы
|
0,003
|
7.
|
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өңірдің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік сала объектілерін күтіп-ұстау үшін ол пайдаланған жерасты суы
|
0,003
|
8.
|
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс өндірісі объектісінде болу кезеңінде олардың тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін ол пайдаланған жерасты суы
|
0,003
|
9.
|
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) оны қайта өңдеу үшін пайдаланған жерасты суы
|
0,003
|
10.
|
Санаторий-курорттық ұйым (санаторий, профилакторий) болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол пайдаланған жерасты суы
|
0,003
|
11.
|
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтерді көрсету үшін ол санаторий-курорттық ұйымдарға (санаторийлерге, профилакторийлерге) өткізген жерасты суы
|
0,003
|
12.
|
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристерді орналастыру орындарын пайдалануға беру үшін ол пайдаланған жерасты суы
|
0,003
|
13.
|
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес балалардың сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және балалардың сауықтыру лагерінің жұмыс істеу мақсаттары үшін ол пайдаланған жерасты суы
|
0,003
|
14.
|
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты суы (4.2, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-жолдарда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылған жерасты суын қоспағанда)
|
0,250
|
3. Өндірілген жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгіленген жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең көп мөлшері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |