Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш



бет252/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   626
298-бап. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш

      1. Резидент:

      1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерінің 25 және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама немесе конструктивті сатып алған не бақылау жасауды тікелей немесе жанама немесе конструктивті сатып алған;

      2) бақыланатын шетелдік компания құрылған (жасалған);

      3) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлесі не бақылау өзгертілген;

      4) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерінің 25 және одан да көп пайызы не бақылау жасау тоқтатылған;

      5) бақыланатын шетелдік компания тоқтатылған (таратылған) күннен кейінгі алпыс жұмыс күнінен кешіктірмей, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш ұсынуға міндетті.

      Келесі салықтық кезеңдерде бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.

      Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады.

      2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті тұрғылықты немесе тұрған жері бойынша салық органына ұсынады.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ірі салық төлеушілер санатына жатқызылған резидент-заңды тұлға бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті ірі салық төлеушілердің мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Бұл ретте резидент-салық төлеуші өтініштің көшірмесін өзінің тұрған жеріндегі салық органына жіберуге тиіс.

      3. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы ұсынылған өтініште мәліметтердің толық еместігі, оны толтырудағы дәлсіздіктер не қателер анықталған жағдайда, резидент жаңартылған ақпарат ескеріле отырып түзетілген өтініш ұсынуға құқылы.

      4. Салық органында, оның ішінде тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес салық салу мақсаттарында ақпарат алмасу шеңберінде шет мемлекеттің құзыретті немесе уәкілетті органынан алынған, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлесінің не тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау жасаудың резидентке тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі екенін куәландыратын ақпарат болған кезде және осындай резидент осы бапқа сәйкес бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, салық органы осындай резидент-салық төлеушіге Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді, онда мынадай ақпарат көрсетілуге тиіс:

      1) хабарлама жіберілетін резиденттің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) салық органында осы компанияға немесе тұрақты мекемеге қатысты резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленетінін не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар екенін куәландыратын ақпарат бар, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің атауы;

      3) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің мемлекеттік және (немесе) салықтық тіркелу нөмірлері (салықтық тіркелу болған кезде);

      4) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін не бақылау жасауды резиденттікі деп тану бойынша салық органдарында бар негіздердің сипаттамасы;

      5) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті ұсыну туралы талап;

      6) осы Кодекстің 297-бабына сәйкес салықтық міндеттемені көрсете отырып, корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну туралы талап.

      5. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, резидент Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алынған күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті салық органына бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иелену не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болу кезеңі үшін, осы Кодекстің 297-бабына сәйкес туындайтын салықтық міндеттемені қосу бөлігінде салық декларациясын ұсынады.

      6. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, резидент мына құжаттардың бірін ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген салық органына – анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз жеткізгіште жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында түсінік;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген салық органының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе сотқа шағым.

      Бұл ретте резидент түсініктермен бірге резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуі не резидентте оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау жоқ екенін куәландыратын құжаттарды ұсынуға міндетті.

      7. Салық органы резидент ұсынған түсініктерді және растайтын құжаттарды қарауға міндетті.

      8. Резидент-салық төлеуші мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:

      хабарлама жіберген салық органының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым болмаған және салық төлеуші хабарламаны орындамаған кезде;

      резидент-салық төлеушінің түсініктерін және растайтын құжаттарын қарау қорытындысы бойынша, салық органында бар және (немесе) болған, осы баптың 4-тармағында көрсетілген, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерінің резидентке тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі екені не оның осы компанияға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар екені туралы ақпаратты теріске шығаратын негіздер болмаған кезде, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар болып танылады.

      Осы тарауға сәйкес резидентті бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші деп таныған не резиденттің оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар деп таныған жағдайда, осындай резидентке осы тараудың ережелері қолданылады. Бұл ретте салық органы осындай резидент-салық төлеушіге оны бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар деп тану туралы шешімді осындай тану туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      9. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар деп танылған резидент-салық төлеуші осындай шешімді алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы шешімге уәкілетті органға шағым жасауға құқылы.

      10. Осы баптың 8-тармағының ережелері бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

      1) резидент мынадай түрдегі:

      соттың;

      жоғары тұрған салық органының;

      уәкілетті органның шағымды қанағаттандырудан бас тартуының бірін алған кездегі;

      2) салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны немесе салық органының резидент-салық төлеушіні бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар деп тану туралы шешімін орындамаған кездегі жағдайларға да қолданылады.

      11. Осы баптың 4 – 10-тармақтарының ережелері резидент өзінде бір немесе бірнеше бақыланатын шетелдік компания туралы мәліметтер берілмеген бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті уақтылы ұсынған жағдайларға да қолданылады.

31-тарау. ЗАЛАЛДАР




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет