Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет441/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   626
520-бап. Салықтық база

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң жылдық орташа баланстық құны осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық база болып табылады.

      Концессия объектілерінiң жылдық орташа баланстық құны болмаған жағдайда осындай объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiпке сәйкес белгіленген құны салықтық база болып табылады.

      2. Осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық база халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы мөлшерінде белгіленеді.

      3. Салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әрбір айының 1-күнi мен есептiден кейiнгi салықтық кезең айының 1-күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құндарын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін бөлшектеу және жою жөніндегі міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалауы жеке есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

      Егер "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде магистральдық құбырды жою жөніндегі міндеттемелерді орындау көзделген жағдайда, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалауы осындай міндеттемелер құнының жеке есебін жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

      Егер энергия беруші ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде алынған электр желілерін өз балансына қабылдаған жағдайда, мұндай желілердің құны "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 8-тармағына сәйкес тарифтік сметада мұндай желілер бойынша мүлік салығының сомалары есепке алынғанға дейін салықтық базаға кірмейді.

      4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленетін ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы ағымдағы салықтық кезеңнің әрбір айының 1-күні және есептіден кейінгі салықтық кезең айының 1-күніндегі ұзақ мерзімді дебиторлық берешек сомаларын қосқан кезде алынған он үштен бір сома ретінде айқындалады.

      5. Осы Кодекстiң 517-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық база пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесi негізге алына отырып айқындалады.

      6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салу объектілері бойынша оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы салықтық база болып табылады.

      Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 269-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындарды растайтын, сондай-ақ бағасы (құны) белгісіз мәмілелер бойынша не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша бастапқы құжаттар болмаған кезде:

      1) осы активке меншік құқығы туындаған күнге салық салу объектісінің;

      2) осындай объектілер бойынша төлеушілер деп тану күніне осы Кодекстің 518-бабының 6-тармағында көрсетілген төлеушілердің салық салу объектісінің нарықтық құны салықтық база болып табылады.

      Бұл ретте нарықтық құн Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалады.

      7. Осы Кодекстің 41-бабының ережелеріне сәйкес мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерін сенімгер басқарушы орындайтын жағдайда, осы баптың 3-тармағында айқындалған тәртіппен:

      1) егер осындай мүлік оның балансына берілген жағдайда сенімгер басқарушы өз бетінше;

      2) балансында осындай мүлік бар мемлекеттік мекеме белгілеген осындай салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны салықтық база болып табылады. Бұл ретте осындай мүліктің салықтық база бойынша деректері сенімгер басқарушыға жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс.

      Мүлік салығы бойынша салықтық есептілікті жасау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мүліктің жылдық орташа баланстық құны бойынша деректер болмаған жағдайда, оның осы Кодекстің 41-бабының 4-тармағына сәйкес қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны осындай мүлік бойынша салықтық база болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет