551-бап. Алым төлеушілер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.
2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |