593-бап. Жалпы ережелер
1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулер, диапазондар) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.
2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
3. "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласындағы қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін бюджетке төлеуге жататын бiржолғы төлемақы сомасы төлемақы есебiне есепке жатқызылмайды.
4. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер туралы, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық төлеушілерге жіберілген хабарламалар туралы және төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімдерде:
1) осы Кодекстің 596-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда – салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 596-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.
5. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төлеушілердің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша радиожиілік спектрін пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақыны төлеушілер, бюджетке төлеуге жататын осындай біржолғы төлемақы сомалары және оны төлеу мерзімдері туралы мәліметтерді ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |