599-бап. Төлемақы төлеушілер
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығын алған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
600-бап. Салықтық кезең
Төлемақыны есептеу үшін 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
601-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақы мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
602-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төлеушілердің алдыңғы жыл үшін электр байланысы (телекоммуникациялар) қызметтерін көрсетуден түскен кірістерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, есепті кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың нақты санына көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте есепті салықтық кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты берудің нақты кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер рұқсат құжатының негізінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы салықтық кезең басталатын күнге қолданыста болса (пайда болса)) немесе осындай құқық пайда болған айдың 1-күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер осындай құқық салықтық кезең аяқталатын күні болса (қолданыста болса)) айқындалады.
3. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазады және оны төлеушіге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
Құқықты куәландыратын рұқсат құжаты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін алынған жағдайда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жібереді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке тең үлестермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Қалааралық және (немеес) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығын куәландыратын рұқсат құжаты жоғарыда санамаланған төлемақы төлеу мерзімдерінің бірінен кейін алынған жағдайларда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарлама алынғаннан кейінгі келесі кезекті төлеу мерзімі бюджетке төлемақы енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.
Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылы алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен қайта бөлінеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
10-параграфтың қолданысы ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңының 44-1-бабына сәйкес халқының саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге қатысты 01.01.2020 дейін тоқтатыла тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |