Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтарды төлеу және салықтық есептілікті ұсыну мерзімдері



бет571/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   626
701-бап. Салықтарды төлеу және салықтық есептілікті ұсыну мерзімдері

      Осы Кодекстің 700-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу және олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2-параграф. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі

702-бап. Жалпы ережелер

      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығында жер учаскелері бар, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.

      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдану мақсатында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:

      1-аумақтық аймақ – 5 000 га;

      2-аумақтық аймақ – 3 500 га;

      3-аумақтық аймақ – 1 500 га;

      4-аумақтық аймақ – 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының көлемінен аспауға тиіс.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін жер учаскелерін мынадай аймақтарға бөлу қолданылады:

      1-аумақтық аймақ: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлеріндегі жайылымдар;

      2-аумақтық аймақ: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының, сондай-ақ 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, Ақтөбе облысының жерлері;

      3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерiн қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Атырау, Маңғыстау облыстарының жерлері;

      4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының жерлері.

      Шаруа немесе фермер қожалықтарында әртүрлі аумақтық аймақтардағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтар үшін белгіленген жер учаскесінің неғұрлым ауқымды шекті алаңының көлемінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы, мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерінен аспауға тиіс.

      3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін өткізу және қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

      4. Арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.

      Ескерту. 702-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      703-баптың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет