Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет616/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   612   613   614   615   616   617   618   619   ...   626
761-бап. Есептеу тәртібі

      1. Салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 762-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына жинақтап қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектісінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы:

      1) салық салу объектісін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектіні айқындайды;

      2) осы Кодекстің 762-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлудің шекті сомаларын мынадай тәртіппен:

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-деңгейлер үшін – осы Кодекстің 762-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген әрбір деңгей үшін пайыз бен үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының көбейтіндісі ретінде;

      7-деңгей үшін:

      егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан көп болған жағдайда – үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сома арасындағы айырма ретінде;

      егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан аз немесе оған тең болған жағдайда – нөл ретінде айқындайды;

      3) осы Кодекстің 762-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салықтық кезеңде іс жүзінде алынған таза кірісті мынадай тәртіппен бөледі:

      1-деңгей үшін:

      егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы бірінші деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан асса, онда таза кірістің бірінші деңгей үшін бөлінген бөлігі бірінші деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасына тең болады;

      егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы бірінші деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан аз болса, онда таза кірістің бірінші деңгей үшін бөлінген бөлігі салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасына тең болады. Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлу жүргізілмейді;

      2, 3, 4, 5, 6 және 7-деңгейлер үшін:

      егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза кірістің бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан асса немесе соған тең болса, онда осы деңгей үшін таза кірістің бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасына тең болады;

      егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза кірістің бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан аз болса, онда осы деңгей үшін таза кірістің бөлінген бөлігі осындай айырмаға тең болады.

      Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлу жүргізілмейді.

      Таза кіріс бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірістің жалпы сомасына тең болуға тиіс;

      4) үстеме пайда салығының тиісті мөлшерлемесін осы Кодекстің 762-бабына сәйкес таза кірістің деңгейлер бойынша бөлінген әрбір бөлігіне қолданады;

      5) осы Кодекстің 762-бабында көзделген барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына жинақтап қоса отырып, салықтық кезең үшін үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.



762-бап. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері, үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасын есептеуге арналған пайыздардың деңгейлері мен мөлшері

      Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығын мынадай тәртіппен айқындалатын мөлшерлемелердің өзгермелі шәкілі бойынша төлейді:



Деңгей №

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін деңгейлер бойынша таза кірісті бөлу шәкілі, шегерімдер сомасының пайызы

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасын есептеуге арналған пайыз

Мөлшерлеме (%-бен)

1

2

3

4

1.

25 пайыздан аз немесе оған тең

25

Белгіленбейді

2.

25 пайыздан 30 пайызды қоса алғанға дейін

5

10

3.

30 пайыздан 40 пайызды қоса алғанға дейін

10

20

4.

40 пайыздан 50 пайызды қоса алғанға дейін

10

30

5.

50 пайыздан 60 пайызды қоса алғанға дейін

10

40

6.

60 пайыздан 70 пайызды қоса алғанға дейін

10

50

7.

70 пайыздан жоғары

Осы Кодекстің 761-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

60



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   612   613   614   615   616   617   618   619   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет