168-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу
1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгерту салық төлеушiнің келу тәртібімен қағаз жеткізгіште салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;
2) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.
2. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді салық төлеушi өзгерістер туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
3. Тіркеу карточкасын ауыстыруды бақылау-касса машинасы есепке қойылған жердегі салық органы:
1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда – осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда – осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
4. Бақылау-касса машинасының жаңа тіркеу карточкасы берілген кезде салық органы бұрын берген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы, салық төлеуші бақылау-касса машинасының көрсетілген тіркеу карточкасын жоғалтқан (бүлдірген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтаруға жатады.
РҚАО-ның ескертпесі!
169-баптың осы редакциясы 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |