Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық төлеушілердің басқа санаттарына салық салу



бет247/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   626
293-бап. Салық төлеушілердің басқа санаттарына салық салу

      1. Осы баптың ережелерін мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      2) тармақша 01.01.2023 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      2) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;

      4) Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;

      5) Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмнің құқық иеленушілері болып табылатын салық төлеушілер қолданады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      6) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер қолданады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау жөніндегі қызмет бойынша және басқа қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау жөніндегі қызмет бойынша осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылуға жатады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ 01.01.2023 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      3. Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

      Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде, салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4-тармақ 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

      Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, негізгі қызмет нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын заңды тұлға осы Кодекстің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым болып танылады.

      4-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер мен өзге де кірістер бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылуға жатады.

      4-2. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер мен өзге де кірістер бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.

      Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шарт немесе өзге де негіз бойынша ұлттық фильмді пайдалануға айрықша құқығы бар заңды тұлға ұлттық фильмнің құқық иеленушісі болып танылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-3-тармақ 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      4-3. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар корпоративтік табыс салығының бюджетке төленуге тиісті сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

      1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар ретінде тіркелген;

      2) кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алатын заңды тұлғалар жатады.

      Осы тармақта көзделген, корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушы кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алған жағдайда, депозиттер бойынша сыйақы, оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып түсуі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлеріне сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін өтеусіз алынған мүлік түріндегі кірістер бойынша да қолданылады.

      Бұл ретте "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тауарларды өндірген және өткізген жағдайда, мұндай тауарлар меншікті өндірістің өлшемшарттарына сәйкес келуге тиіс.

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      Осы тармақта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушы ретінде тіркелген күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданады.

      5. Осы баптың ережелерін қолданатын салық төлеушілер осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.

      Ескерту. 293-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2019 № 213-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет