Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу



бет251/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   626
297-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу

      1. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне немесе резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне қосылады және оған Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы салынады. Бұл ретте, резиденттің салық салынатын кірісі болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы резиденттің кәсіпкерлік қызметінен болатын залал сомасын азайтады. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы мен резиденттің кәсіпкерлік қызметінен болатын залал арасындағы оң айырма резиденттің салық салынатын кірісі болып танылады.

      2. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      П = П1 × Д1 + П2 × Д2 +...+ Пn × Дn,

      П1, П2, …, Пn = Псд – А, мұнда:

      П – қаржылық пайдасы осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салынудан босатылатын бақыланатын шетелдік компанияларды немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерін қоспағанда, барлық бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы;

      П1, П2, …, Пn – әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;

      Д1, Д2, …, Дn – резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау жасау коэффициенті;

      Псд – бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті кезеңде салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      А – резидент осы баптың 4-тармағына сәйкес, есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан жүргізген азайту сомасы.

      3. Есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын айқындау мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      1) егер осы тармақшаның үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа сәйкес жасалған, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілігінің негізінде.

      Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті жасау стандарты белгіленбеген жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес жасалған қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады.

      Осы тармақшаның екінші бөлігінің ережесі мына жағдайларда:

      егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті ішкі заңнамада белгіленген стандартқа сәйкес және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес жасау міндеті көзделген;

      егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес жасау міндеті көзделген жағдайларда қолданылады;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген, бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа сәйкес жасалған қаржылық есептілік аудитінің болуы.

      Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік міндетті аудитке жатпаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы өзінің аудиті халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілген қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады.

      Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамасында еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, осы тармақта белгіленген талаптар бақыланатын шетелдік компанияның осындай шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және бақыланатын шетелдік компанияның еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының жекелеген қаржылық есептіліктеріне қолданылады.

      Осы тармақта белгіленген талаптар орындалмаған кезде, сондай-ақ жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің заңнамасында қаржылық есептілікті дайындау (қалыптастыру) туралы талап болмаған және бақыланатын шетелдік компанияда немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінде қаржылық есептілік болмаған жағдайларда, резиденттің салықтық кезеңі есепті кезең болып танылады. Бұл ретте осындай есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының сомасын резидент өз таңдауы бойынша мына тәртіптердің бірімен:

      1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салынатын кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындайды;

      2) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың сомасы есепті кезеңдегі бақыланатын шетелдік компания кірісінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірісінің сомасы мен 0,5 коэффициенттің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Кіріс сомасы есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның банктік шоттарына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарына ақша түсімдері негізге алына отырып айқындалады.

      4. Резиденттің растайтын құжаттары болған кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға:

      1) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасы осындай соманы есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған, топішілік операциялардан болатын пайда (залал) сомасына, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлеске азайтылған еншілес ұйымдардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) сомаларына азайтуға құқығы бар. Осы тармақшаның ережесі, егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамалық актілерінде еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда қолданылады;

      2) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен алынатын, Қазақстан Республикасында 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған салық салынатын кірісі;

      3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінде 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтер көрсетуден (жұмыстар орындаудан) алынатын, шығыстар сомасына азайтылған кіріс сомаларына азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін шығыстар сомасы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілік бойынша тікелей шығыстарының үлесі мен жалпы сомасының көбейтіндісі ретінде пропорционалды әдіспен айқындалады. Үлес осы тармақшада көрсетілген кіріс сомасының қаржылық есептілік бойынша бақыланатын шетелдік компания кірістерінің жиынтық сомасына қатынасы ретінде айқындалады;

      4) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтер;

      5) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделгеннен өзге кіріс;

      6) мынадай:

      егер дивидендтер сомасы резиденттің басқа бақыланатын шетелдік компаниясының бұдан бұрын, есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған қаржылық пайдасынан төленген жағдайда, осындай бақыланатын шетелдік компаниядан алынған дивидендтер сомасы,

      көбейту

      резиденттің дивидендтер төлейтін бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау коэффиценті деген формула бойынша айқындалатын шама сомаларына азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында белгіленген азайту, егер мұндай қаржылық пайда осы тармақтың бірінші бөлігі 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген дивидендтер сомасын қамтитын болса, дивидендтер алушының – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына қолданылады.

      5. Шет мемлекеттегі есепті кезең мен Қазақстан Республикасындағы осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалатын есепті салықтық кезеңнің ұзақтығы немесе басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының мөлшерін (К1, К2) түзету коэффициенттерін қолдану арқылы, былайша:

      П1, П2, …, Пn = Пб × К1 + Пб+1 × К2,

      К1 = СК (БЕ)1 / СК (БЕ)3,

      К2 = СК (БЕ)2 / СК (БЕ)3 түзетуге міндетті, мұнда:

      П1, П2, …, Пn – әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;

      Пб – Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін бір есепті кезеңде, Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;

      Пб + 1 – Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін басқа есепті кезеңде, Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;

      СК (БЕ)1 – Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін, өзінің шегінде резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленетін немесе бақылау жасауға ие болатын, шет мемлекеттегі бір есепті кезең айларының саны;

      СК (БЕ)2 – Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін, өзінің шегінде резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленетін немесе бақылау жасауға ие болатын, шет мемлекеттегі келесі есепті кезең айларының саны;

      СК (БЕ)3 – шет мемлекеттегі есепті кезең айларының жалпы саны.

      Егер резидент толық емес (он екі айдан аз) есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленген немесе бақылау жасауға ие болған жағдайда, резидент Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын әрбір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының мөлшерін былайша:

      П1, П2, …, Пn = П × СК (БЕ)4 / СК (БЕ)3 түзетуге құқылы, мұнда:

      П1, П2, …, Пn – әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;

      П – есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;

      СК (БЕ)3 – шет мемлекеттегі есепті кезең айларының жалпы саны;

      СК (БЕ)4 – Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін, өзінің шегінде резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленетін немесе бақылау жасауға ие болатын, шет мемлекеттегі есепті кезең айларының саны.

      6. Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының шетелдік валютада көрсетілген сомасын резидент есепті кезеңдегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып теңгеге қайта есептейді.

      7. Резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

      Д1, Д2, …, Дn = Х/100 %, мұнда:

      Д1, Д2, …, Дn – резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау коэффициенті;

      Х – резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау үлесі, пайызбен.

      Резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

      Д1, Д2, …, Дn = Х1/100 % х Х2/100 % х...х Хn/100 %, мұнда:

      Д1, Д2, …, Дn – резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау коэффициенті;

      Х1 – резиденттің жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау өзі арқылы жүзеге асырылатын тұлғаға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау үлесі, пайызбен;

      Х2, ... – жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау өздері арқылы жүзеге асырылатын әрбір алдыңғы тұлғаның әрбір келесі тұлғаға тиісті реттілікпен тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау үлесі, пайызбен;

      Хn – алдыңғы тұлғаның бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау үлесі, пайызбен.

      Резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға конструктивті қатысу немесе конструктивті бақылау жасау коэффициенті мынадай тәртіптердің бірімен есептеледі:

      1) резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау коэффициенті

      қосу

      резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау коэффициенті;

      2) резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға тікелей және (немесе) жанама қатысу немесе тікелей және (немесе) жанама бақылау жасау коэффициенті

      қосу

      егер бақыланатын тұлға резиденттің жақын туысы және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, бақыланатын тұлғаның бақыланатын шетелдік компанияға тікелей және (немесе) жанама қатысу немесе тікелей және (немесе) жанама бақылау жасау коэффициенті.

      Резидент-жеке тұлға кәмелеттік жасқа толмаған резидент-жақын туыстар қатысатын бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін конструктивті иеленген кезде немесе резидент-жеке тұлғада осы компанияға конструктивті бақылау жасау болған кезде, осы баптың ережелері осындай конструктивті иеленуге немесе осындай конструктивті бақылау жасауға қолданылады. Резидент-жеке тұлға кәмелеттік және (немесе) зейнеткерлік жасқа толған резиденттер-жақын туыстар қатысатын бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін конструктивті иеленген кезде немесе резидент-жеке тұлғада осы компанияға конструктивті бақылау жасау болған кезде, осы тармақтың ережелері, осындай жақын туыстардың жазбаша келісуі болған жағдайда, осындай конструктивті иеленуге немесе осындай конструктивті бақылау жасауға қолданылады. Осындай жақын туыстың (жақын туыстардың) жазбаша келісуі болмаған кезде, осы тарауға сәйкес салықтық міндеттемені әрбір тұлға (резидент және резиденттің осындай жақын туысы (туыстары)), егер резиденттің және осындай жақын туыстың (туыстардың) бақыланатын шетелдік компанияға жиынтық қатысу үлесі 25 пайыздан асқан немесе резидент пен жақын туыс (туыстар) жиналып бақыланатын шетелдік компанияға бақылау жасауға ие болған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниядағы иелену немесе бақылау жасау үлесіне мөлшерлес түрде өзі дербес орындайды.

      8. Осы баптың ережелері бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылады.

      9. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктерге, инвестициялық салықтық преференцияларға, барынша қолайлылық режимiне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгеннен анағұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.

      10. Осы баптың мақсаттары үшін мына құжаттар растайтын құжаттар болып түсініледі:

      1) осы баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану үшін:

      бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда сомасын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттар көшірмесі. Бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарынан үзінді-көшірмелер, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің іскерлік айналым ғұрыптарына сәйкес жүргізген операцияларын растайтын бастапқы құжаттар осындай құжаттар бола алады;

      2) осы баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану үшін:

      есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарынан ай сайынғы үзінді-көшірмелердің көшірмесі;

      3) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану үшін:

      бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      топішілік активтер мен міндеттемелердің, меншікті капиталдың, кірістердің, пайда салығы жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, шығыстардың және шоғырландырылған топ ұйымдары арасындағы операцияларға жататын ақша ағындарының (топішілік операциялар нәтижесінде туындайтын пайда немесе залал) бақыланатын шетелдік компания және оның барлық еншілес ұйымдары бөлінісінде таратып жазылуының (таратып жазылуларының) көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компанияның еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының бекітілген қаржылық есептіліктерінің көшірмесі;

      осы тармақшада көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасына еншілес ұйымдардың топішілік операциялардан болатын пайда (залал) сомасына, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлеске азайтылған, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      4) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану үшін:

      бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынатын, салық салынатын кірісінен Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығының есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттардың, оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      5) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларын қолдану үшін:

      Қазақстан Республикасында осындай кіріске салық салынған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығының ұсталғанын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтерді бөлгенін және төлегенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (дивидендтерге қатысты ғана қолданылады);

      бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасын қолдану үшін:

      резиденттің бақыланатын екі шетелдік компаниясының арасында дивидендтердің бөлінгенін және төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына резиденттің басқа бақыланатын шетелдік компаниясы төлеген (төлейтін) дивидендтердің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі.

      Осы баптың 3 немесе 4-тармақтарының ережелерін қолданатын резидентте осы тармақта көрсетілген құжаттар немесе олардың көшірмесі болуға тиіс.

      11. Резидент бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы қосылған корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияларды тапсырғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға нотариат куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аудармасын қоса бере отырып, мына құжаттардың:

      1) резидент-заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің;

      2) егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамасында еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау белгіленген жағдайда, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің;

      3) егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамасында еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау жөнінде міндеттеме белгіленген жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының қаржылық есептіліктерінің;

      4) осы тармақта көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Егер салық декларациясын беру күнінде қаржылық есептіліктің аудиті аяқталмаған жағдайда, аудиторлық есеп қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.

      12. Егер бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің алдыңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иелену немесе жанама бақылау жасау өзі арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның алдыңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудитінің қорытындысы бойынша осындай қаржылық есептілікке түзету жүргізіліп, ол есепті кезеңде көрсетілген жағдайда, онда осындай түзетулер салық салу мақсаттарында есепті кезеңде қабылданады.

      Егер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес осындай аудит қорытындысы бойынша жүргізілген түзетулерді ескере отырып, жаңартылған түзетілген қаржылық есептілік жасау (қалыптастыру) талап етілген жағдайда, осы баптың ережелері, оның ішінде аудиторлық есептің болуы туралы талап осындай жаңартылған қаржылық есептілікке қолданылады.

      13. Резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне немесе резидент-жеке тұлғаның салық декларациясы бойынша жылдық кірісіне осы бапта айқындалған тәртіппен салық салынуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қоспау немесе резиденттің салық декларациясында бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің осындай қаржылық пайдасының сомасын төмендету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.

      14. Егер бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудиторлық есепті бекіту мерзімі Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларация беру мерзімінен кейін басталған жағдайда, егер резидент мұндай аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы тарауға сәйкес салықтық міндеттемені орындаса, осындай резидент жауаптылықтан және өсімпұлдың есепке жазылуынан босатылады.

      15. Резидент бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде:

      1) егер осы баптың 16-тармағына сәйкес уәкілетті органда бар мәліметтер негізінде, халықаралық шартқа сәйкес шет мемлекеттің құзыретті немесе уәкілетті органымен жүргізілген ақпарат алмасу нәтижелері бойынша уәкілетті орган:

      резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленетіні не резидентте осы компанияға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылаудың бар екені туралы;

      пайда салығының тиімді мөлшерлемесі туралы;

      бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы туралы ақпарат алған жағдайда;

      2) резиденттің осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты өзі дербес алуы мүмкін болмаған жағдайда;

      3) резидент тиісті салық органына бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш және резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне немесе резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне салық салынуға жататын бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қоса отырып, алдыңғы және (немесе) есепті салықтық кезең (кезеңдер) үшін корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық органының хабарламасында белгіленген мерзімдерде берген жағдайда, жауаптылықтан және өсімпұлдың есепке жазылуынан босатылады.

      Бір мезгілде мынадай шарттардың орындалуы:

      1) резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлесінің мөлшері немесе бақылау жасау және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиісті кезең (кезеңдер) үшін жеке қаржылық есептілік ұсынуы бөлігінде бақыланатын шетелдік компанияға өзі дербес және (немесе) бақыланатын тұлға арқылы бір реттен көп сұрау салу жіберуі және өзінің сұрау салуларына жауап алмауы;

      2) бақыланатын шетелдік компанияның жариялануды қаламайтыны себепті интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында және өзге ақпарат көздерінде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілік деректері туралы ақпараттың болмауы ақпарат алу мүмкіндігінің болмауы деп түсініледі.

      16. Резиденттің өзімен арада Қазақстан Республикасының халықаралық шарты қолданылатын шет мемлекеттің құзыретті немесе уәкілетті органынан мынадай:

      1) резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлесінің мөлшері не резиденттің оған бақылауының бар екені туралы;

      2) тиісті кезеңде (кезеңдерде) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің пайда салығының тиімді мөлшерлемесі туралы (қажет болған кезде);

      3) тиісті кезеңде (кезеңдерде) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы туралы (қажет болған кезде);

      4) тиісті кезеңде (кезеңдерде) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің аудиттен өткен қаржылық есептілігі туралы ақпарат және (немесе) құжаттар алу бөлігінде оған сұрау салуды жіберу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқығы бар.

      Резидент уәкілетті органға берілетін жолданымға жанама немесе конструктивті қатысу не жанама немесе конструктивті бақылау өздері арқылы жүзеге асырылатын, барлық қатысы бар бақыланатын тұлғаларды ашып көрсете отырып, бақыланатын шетелдік компания туралы ақпаратты қоса береді. Резидент жолданымға, сондай-ақ, бақыланатын шетелдік компанияның атына өзі дербес жіберген немесе бақыланатын тұлға арқылы жіберілген бақыланатын шетелдік компанияның осы тармақта көрсетілген ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруі туралы сұрау салулардың көшірмесін қоса беруге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет