Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Аффинирленген алтынды өткізу бойынша айналым



бет332/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   626
392-бап. Аффинирленген алтынды өткізу бойынша айналым

      1. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізуі бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.

      2. Мыналар нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген айналымды растайтын құжаттар болып табылады:

      1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      3) аффинирленген алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Осы баптың мақсатында салық төлеуші дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізат өз өндiрiсiнің шикiзаты деп түсініледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет